Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:18

Тоқаев Сауд Арабиясы Ислам зерттеулері орталығының төрағасын қабылдады

19.05.2017 Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ - Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, Ислам зерттеулері орталығының Төрағасы ханзада Түрки әл-Фейсал бен Абдель-Азиза әл-Саудты қабылдады, деп хабарлады ҚР парламенті Сенатының баспасөз қызметінен.  
" Қ. Тоқаев мейманмен кездесуде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қазандағы Эр-Риядқа сапары екіжақты қатынастардың қарқынды сипатына жаңа серпін бергенін атап өтті. Төраға мейманға Қазақстан саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі туралы әңгімелеп берді. Жүздесуге қатысушылар Сириядағы жағдай жөнінде пікір алмасты. Қ.Тоқаев атап өткендей, жалғасын тапқан Астана процестері Сириядағы шиеленісті бейбіт реттеуге елеулі үлес қосуда", - делінген хабарда.  
Қ.Тоқаев атап өткендей, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының таяуда өткен отырысының қорытындылары туралы мейманды хабардар етті. «Біз әлемдік діндер басшылары мен көрнекті саясаткерлерді бір-бірін тыңдай алуы әрі түсіне алу үшін бір үстел басына жинадық», - деді Қ.Тоқаев. Төраға Венада орналасқан Король Абдалла бен Абдель-Азиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық үнқатысудың халықаралық орталығымен байланысты жалғастыру маңызды екенін атап өтті.



Серіктестер