Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:22

Семейде қоғамдық көліктегі жол ақысы Т80 көтерілді

19.05.2017 Семей. 19 мамыр. ҚазТАГ – Семейде Т80 дейін қоғамдық көліктің жол ақысы көтеріледі, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Мемлекет бекіткен әдістемеге сәйкес біріздендірілген математикалық экономикалық есептеу жүйесін қолданған  комиссия, Семей автобустарындағы баға 80 теңгеге дейін көтерілуі керек деген шешімге келді» - деді жұмада мәслихаттың кезектен тыс сессиясында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы м.а. Нұрлан Серғазинов.
Оның айтуынша, барлық жолаушыларды тасымалдаушылар арнайы құрылған комиссияға жол ақысын көтеруге негіз болатын құжаттар пакетін ұсынды.  
Сонымен, сессия барысында мәслихат депутаттары бірауыздан тарифтің Т60-тан Т80-ге дейін көтерілуіне дауыс берді. Алайда депутаттар жол ақысы көтерілетін нақты мерзімді атамады.  
Қазіргі таңда Семейде 35 автобус және 15 шағын автобус маршруттары жұмыс жасап жатыр. Күн сайын қала бойынша 427-430 автобус жүреді. 51 маршрут бойынша 5 автокәсіпорын тасымалды жүзеге асырады.    


Серіктестер