Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
19:09

Қазақстан елшісі Айтжанова Рим Папасына сенім грамоталарын тапсырды

19.05.2017 Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ - Ватиканда Қазақстанның Елшісі Жанар Айтжанова Рим Папасы Францискіге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.  
Сұхбат барысында Ж. Айтжанова Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын атап өтіп, әлемдегі бейбіт өмір мен тұрақтылықты алға жылжыту бойынша өзара іс-қимыл Қазақстан мен Ватиканды біріктіретінін айтты.
Өз кезегінде, Рим Папасы Франциск әлемдегі қауіпсіздік және сын-тегеуріндер мәселелері туралы пікірлерімен бөлісті. Ол бүгінгі экономикалық және қаржы ахуалы қоғамның талаптарына толық жауап бермейтініне ерекше көңіл аударды. Жанжалдардың өсуіне ықпал ететін басқа да фактор ретінде, өз мақсаттарына жету үшін дін туралы теріс түсінік беру, дінге қиянат ету, Алла Тағала атымен айла-шарғы жасау атанды.
Понтификтің пікірі бойынша, әлемдік экономика және қаржы жүйелерінің жауапкершілігі, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізгі инструменті диалог және дипломатия аталған сын-тегеуріндеріне жауабы болуы мүмкін.
Осыған орай, қазақстандық Елші Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы 2018 жылы Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті отырысы «Діни көшбасшылар қауіпсіз өмір үшін» тақырыптың аясында өтетінін хабардар етті.
Кездесу соңында понтифик Қазақстан Президентіне және Қазақстан халқына жылы лебіздерін білдіріп, қазақстандық дипломатқа табысты және жемісті қызмет тіледі.


Серіктестер