Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
11:25

KASE-дегі валюта саудасының көлемі тамызда барынша өсімді көрсетті

13.09.2017 Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Тамызда спот-нарықта шетелдік валютамен сауда көлемі барынша өсті, деп мәлім етті «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары  Андрей Цалюк.
Сәрсенбіде баспасөз мәслихатында атап өткендей, тамызда шетелдік валюталармен сауда көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 32,2% немесе Т323,8 млрд өсіп, Т1 328,8 млрд. дейін жетті.
«Бұл доллар мен юан бағамының құбылмалығының артуынан орын алып отыр», - деп түсіндірді А. Цалюк.
Бұл ретте ол теңгеге шаққанда доллар бағамының өсуі банк келісімімен болуы мүмкін деген болжамын теріске шығарды.  
«Күн сайын валюта саудасына барынша белсенді түрде бірнеше банк қатысады және күн сайын олардың тізімі жаңартылып отырады.  Валюта нарығында банктер арасында нақты бір лидер жоқ», - деп түсіндірді ол.  


Серіктестер