Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
11:39

Астанада «жұмысқа орналастырам» деп Т7 млн және $1 мың алған алаяқты ұстады

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада «жұмысқа орналластырам» деп  жәбірленушіден Т7 млн және $1 мың алған алаяқ ұсталды, деп хабарлады елорда ІІД баспасөз қызметінен.  
Хабарда атап көрсеілгендей, елордалық полицейлер аса ірі көлемдегі алаяқтықта күдікті деп танылған 29 жастағы азаматты ұстады.
      Алматы аудандық ІІБ полиция бөлімі қызметкерлері 29 жастағы Самат Тәукеловты қолға түсіріп, Астана қаласы ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамады.
Ағымдағы жылдың ақпанынан шілде айлары аралығында күдікті Тәукелов алдау арқылы «Т» азаматының сеніміне кіріп, ақшалай сыйақыға қызметке орналастыруды ұсынып, 7 000 000 теңге және 1 000 АҚШ доллары ортақ соммадағы қаржысын иеленген.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190 бабы 4 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған күдіктінің басқа да осындай сипаттағы қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталуда.
Зардап шеккендерді анықтау үшін Астана қаласы ІІД Бөрілі көшесі, 18 мекенжай бойынша «Алматы» аудандық ІІБ АПБ кезекші бөліміне келуге немесе мына телефон нөмірлері арқылы 8 (7212) 53 77 92,  сот. 8 707 220 00 06, 8 777 614 41 21, 8 702 508 69 79 хабарласуды сұрайды.


Серіктестер