Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:06

Шабуылдан жапа шеккен Степногорск әкімі аппараты басшысының жағдайы өте ауыр деп бағалануда

13.09.2017 Көкшетау. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің аппарат басшысына қарулы шабуыл жасалды, оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
Облыстың ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, 9 қыркүйектегі Степногорск қаласының 31 жасар тұрғыны, қала әкімі аппаратының басшысы Владимир Бессудныйға шабуыл жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 192 б.2б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс облыстың ІІД басшылығының бақылауында, шұғыл-тергеу топтары құрылды.  
«Шабуыл жасаған күдікті бар, бірақ ұсталмағандықтан әзірге түсінік беруге ерте», - деп атап өтті ведомствода.
Жапа шегуші емделіп жатқан ауруханадағы дерек көзінің ақпарынша, оның жағдайы өте ауыр.  В.Бессудныйдың  бас сүйегінің негізі сынған, бас сүйегі-миы зақымданған. Тасымалдауға жарамайды.


Серіктестер