Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:37

Алматыда журналист, ғалым-әдебиетші Жұмағали Ысмағұловқа ескерткіш тақта орнатылады

13.09.2017 Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматыда журналист, ғалым-әдебиетші, жазушы-публицист Жұмағали Ысмағұловқа ескерткіш тақта орнатылады.  
Ескерткіш тақта Бөгенбай батыр көшесіндегі (Абылай хан бұрышы)  Ж.Ысмағұлов өмір сүрген үйде орнатылады.  
Жұмағали Ысмағұлов ҚазКСР Қостанай облысында 1928 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, жазушы-публицист, аудармашы, ғалым-әдебиетші, ҚР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, Жазушылар одағының және ҚР журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор.  
Әр жылдары Қазақ КСР министрлер кеңесі жанындағы ақпараттық агенттік (ҚазТАГ) директоры, Қазақстанның ҰҒА Әдебиет және өнер институтының абайтану бөлімінің меңгерушісі болған. Ж.Ысмағұлов Абай шығармашылығын белгілі зерттеушілердің бірі. Оның кітаптарының бірі: «Абай: даналық дәрістері»  деп аталады.
Сонымен қатар, Ж Ысмағұлов   Н.Добролюбовтың (1955) әдеби-сыни макалаларын,  В.Дальдың повесін «Бикей и Мауляна» (1965) аударған, Э.Казакевичтің «Көк дәптер»  («Синяя тетрадь») (1966),  В.Анчишкиннің «Арктикалық роман» («Арктический роман») (1975) романын және Стендальдың «қызыл мен қара» («Красное и черное») (1978) романдарын аударған. М.Горькийдің, А.Чеховтың, П.Бровкидің, В.Лацистің, В.Закруткиннің, Ю.Казаковтың шығармаларын қазақ тіліне аударуға қосылған.  
Ж.Ысмағұловтың ғылыми және қоғамдық қызметі «Құрмет», Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
Ж.Ысмағұлов 2011 жылдың 14 қаңтарында қайтыс болған.  


Серіктестер