Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
14:27

89 мың адам 16 қыркүйекте өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысады

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - «Астана – таза қала» жалықалалық сенбілігі  89 мың адамды жинайды, деп хабарлады елорда әкімінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, шара Астана қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және жасылдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық аясында 16 қыркүйекке жоспарланған.
Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.Танабаев Мұсатың сөзіне қарағанда, қала үшін пайдалы шараға 1000-нан астам кәсіпорын мен ұйым, 49 жоғары және орта арнайы білім мекемесі, 184 мектепалды және жалпыбілім беретін мекеме, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания қатысады, 18 мың көшетті отырғызу жоспарлануда.
-Сенбілік аясында жаппай экологиялық акция өткізуде дайындық жоспарланған, 18 мыңнан астам көшет отырғызу, қала аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және жасылдандыру, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің арнасын тазарту, жаңбыр және  кәріз желілерін тазарту, инженерлі және коммуникациялық жүйе нысандары мен ғимараттарын жөндеуден өткізу бойынша жұмыстарды атқару жоспарлануда, - деді Танабаев.
Сенбілік қатысушылары қоқыс жинау үшін, жалпы тазалық жұмыстарын атқару үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. «Алматы» ауданының «Жерұйық» саябағында көшеттерді отырғызу үшін топырақ беріледі, 14-15 қыркүйек күндері сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін. «Сарыарқа» ауданында Қаржы министрлігіне қарама-қарсы қажетті құрал-жабдықтар 16 қыркүйек сағат 08.00-ден беріле бастайды.
«Есіл» ауданында құрал-жабдықтар «Құлагер-2» т/к алдында беріледі.
Жалпы алғанда жалпықалалық сенбілікке 560 техниканы жұмылдыру көзделіп отыр. «Алматы» ауданы бойынша – 180 техника, «Сарыарқа» ауданы бойынша – 120 техника, «Есіл» ауданы бойынша – 160 техника.
Акімдік қала тұрғындары мен қонақтарын жалпықалалық сенбілікке белсенді атсалысуға, қаланың гүлденуіне үлес қосуға шақырады.


Серіктестер