Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
14:42

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – 14-16 қыркүйекте Қазақстанда ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Солтүстік тропосфералық ағымдар батысқа ауысады да, ол Қазақстанға Атлантика аумағынан жылы ауа әкеледі және ауа темпаратурасын көтереді. Тек алдағы тәуліктерде ғана солтүстік, орталық және шығыс облыстарда үсік сақталады», - деп хабарлады синоптиктер сәрсенбі күні.
15-16 қыркүйекте көптеген облыстарда күндізгі ауа температурасы +20+28 градус, ал оңтүстікте +26+31 градус болады.
«Алдағы үш күнде жауын-шашын күтілмейді. Тек Қазақстанның батысында ғана 14 қыркүйекте өткінші жауын болуы мүмкін», - деді «Қазгидрометтен».


Серіктестер