Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:22

СҚО-да 26 елді мекенде көктемгі су тасқынынан қорғану үшін су ағызатын имараттар орнатады

13.09.2017 Петропавл. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысының 26 елді мекенінде көктемгі су тасқынынан қорғану үшін жалпы ұзындығы 20,7 км су өткізгіш имарат орнатылады, деп мәлім етті СҚО ТЖ департаментінің ТЖ ескерту бөлімінің бастығы Асхат Бакишев.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде отырыс: 2018 жылғы су тасқынына дайындық бойынша іс-шаралар - бақылауда!
Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтың төрағалығымен өткен отырыста «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «2018 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша өткізілген іс-шаралар туралы» соншалықты мәнді және өзекті тақырып қарастырылды.
Отырыс жұмысына Петропавл қ. мен аудан әкімдері, СҚО ТЖД жауапты қызметкерлері және мүдделі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары қатысты. Отырысты облыс әкімінің орынбасары ашып, қатысушыларды тасқын қауіпті кезеңде ТЖ алдын алу саласында жауапты тапсырмалардың орындалуына және халықты, шаруашылық және коммуникациялық обьектілерді қажетті қорғаныспен қамтамасыз етуіне бағыттады. «Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары қазірдің өзінде 2018 жылғы су тасқынына дайындықты лайықты деңгейде қамтамасыз етулері тиіс», — деп белгіледі Антон Владимирович өзінің кіріспе сөзінде.
СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов қатысушыларды су тасқыны кезеңінде ТЖ алдын алу саласындағы жұмыс туралы хабардар етіп, осы іс-шараларды өткізуде жергілікті атқарушы органдардың ролі мен мәнін атап өтті. «2017 жылғы су тасқыны талдауы негізінде Облыс елді мекендерін тасқын суынан қорғау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, оған сәйкес топырақпен үйме жалдау тұрғызу және нығайту, облыстың 26 елді мекенінде жалпы ұзындығы 20,7 км су өткізгіш имарат орнату қарастырылған. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша осы жұмыстар облыстың Айыртау, Ақжар, Тайынша, Қызылжар және Шал ақын аудандарының 9 елді мекенінде аяқталды», — деді ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органының бастығы.
Сондай-ақ, Рамиль Фаткулович отырысқа қатысушыларға ағымдағы жылы мүдделі министрліктер мен ведомстволар деңгейінде «Тасқын суларын сақтау, жинақтау және тарату жөнінде жоспар» және «2017-2020 жылдары су тасқыны қауіпінің алдын алу және жою бойынша кешендік шаралар» жол картасы әзірленіп бекітілді, оларда облысымыздың аумағында жалпы сомасы 7 млрд. астам теңгеге 50 астам су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу қарастырылған.
Өткізілген мониторинг нәтижесі бойынша алдағы тұрған көктемгі кезеңде елді мекендерді су басудың тікелей қауіп төндіретін көлдердің аса толуы жағдайды шиеленістіре түсетіні туралы атап кетті. Департамент бастығы баяндамасында жақын маңайда жатқан елді мекендерге қауіпті азайту, осы табиғи құбылыстың салдарынан халықты тиімді қорғауды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар қатарын алға басты.
Отырыс өткізу барысында өңірімізде қазіргі сәтке және болашаққа тасқынға қарсы іс-шаралар өткізуге жүргізілген және жоспарланған жалпы көріністі көрсететін су тасқынына дайындық мәселесі бойынша облыстың аудан әкімдері тыңдалды.
Тыңдаудан кейін ұсынылған ақпаратты мұқият сараптап, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев мемлекеттік органдар басшылары мен аудан әкімдеріне алдағы тұрған су тасқынының теріс салдар туғызуы мүмкін апат қауіпін төмендетуге, облыстың елді мекендерін инженерлік қорғау бойынша іс-шараларды уақтылы аяқтауға бағытталған тапсырмалар қатарын берді.


Серіктестер