Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:28

Назарбаев қазақстандықтарды заманауи технологияларды меңгеруге шақырды

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Арсен Асқаров. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын заманауи технологияларды меңгеруге шақырды.  
«Бұл тұрғыда адамдардың дағысын көтеру қажет. Көпшілік біз енгізбекші болып отырған технологияларды пайдалануды білмейді, оларға соны үйрету қажет. Смартфонды қалай пайдалану керектігін де үйреткен абзал. Сондықтан бізде атқаратын жұмыстар өте көп және оны әрі жиі айтып, насихаттауымыз керек», - деді цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев.
«Мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін қайта қолына кітап алғызып, бұған дейін оқытылмаған дүниелерді меңгеруге күш салуымыз крек. Менің буынымның, тіпті орта буынның  (цифрландыру жайында) мүлдем түсінігі болған емес. Барлығы да заман көшіне лесуі керек. Білім принципі бүкіл өмір бойғы қажеттілік, нормаға айналды»,- деді президент.


Серіктестер