Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:57

Назарбаев цифрландыру саласында ортақ мәселелерді шешу үшін ЕЭК-де комиссия құруды тапсырды

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен цифрландыру мәселесі бойынша республикалық кеңес өтті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.  
Сәрсенбі күні Ақорда сайтында жарияланған хабарда атап өтілгендей, мемлекет басшысы ел экономикасын дамытуда цифрлық технологияны белсенді енгізудің маңыздылығын атап өтті және цифрландырудың кәсіпорындардың және жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ халықтың тұрмысын жақсартуға қажеттілігін атап өтті.
Н.Назарбаев сондай-ақ, құзырлы органдар мен кәсіпорындар тарапынан ерекше назарды талап ететін цифрландырудың жекелеген бағыттарына тоқталды.  
«Мемлекет пен жеке кәспіорындардың және ұйымдардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру маңызды. Бизнестің цифрлық технологияны кеңінен енгізуіне жағдай жасау керек», - деді ол.
Мемлекет басшысы атап өткендей, ЖОО ғылыми-зерттеу базаларында, сонымен қатар «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» мен Назарбаев Университеті сынды инновациялық кластерлер аясында құзыреттілік орталықтарын дамыту қажет. Олар жаңа технологияларды енгізуді, оның ішінде экономика салаларын цифрландыруды ілгерілетіп, жаңғыртуға жәрдем берулері қажет
Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 көрмесі павильондарының бірінде ІТ-стартаптар технопаркі құрылатындығын атап өтті.
Ол сондай-ақ, IT-стартап халықаралық технопаркінің жаңа технологияларды жасау және енгізу саласында  негізгі рөлін атап өтті  
«Озық технологияларға барынша сезімтал болып келетін қаржы саласы қазірдің өзінде цифрлық шешімдерді кеңінен қолданып жатыр. Оның бұл процестің алдыңғы сапында қалғаны керек. «Астана» халықаралық қаржы орталығының алдында жаңа қаржылық технологиялар мен құралдарды жылжыту міндеті тұр», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, хабарланғандай, Қазақстан президенті қойылған міндеттерді шешу үшін, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандыру үшін нормативтік-құқықтық база әзірлеуді тапсырды және болашақтағы технологиялық трендтер мен жаһандық қауіп-қатерлерді зерттеу қажеттігін атап өтті.  
Н.Назарбаев елді цифрландыру бағдарламасынан нәтиже көруіміз керек екенін де атап өтті.  
«Ал біздің бағдарлама әзірлеушілер қанша табыс алмақшы? Біз осы жерде көріп отырғанымыздай естімедік. 2021  жылға қарай 251 млрд шығындамақпыз. Маған бергендеріңізден де көп жобаны санап шықтым. Ал бұл бағларламалардың берері қанша? Сандар жоқ. Яғни, осылай жұмыс істейтін болсақ, онда ақша желге ұшады және ұрланады», - деді ол.
Бұл ретте ол Ресейді мысалға алды, ол жақта да осындай бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.  
«Ресей цифрландыруға бастапқы кезеңде 1,5 трлн рубль бөліп,  2024 жылға қарай жалпы ішкі өнім өсімін 5,7 трлн рубльге жеткізуді мақсат етіп отыр», - деді мемлекет басшысы.
Президент бағдарламаны әзірлеушілер түпкі мақсатты алдын ала жоспарлап қоюы қажет.  
«Отандық бағдарлама әзірлеушілер мен шет елден тартылатын кеңесшілер тиімділігін тиісті деңгейде жоспарламайтын болса, онда оны идеология немесе басқа да себептермен Қазақстанның дамуын тежеуге, тоқтатуға бағытталған қадам болуы мүмкін. Мен дәл солай деп отырғаным жоқ. Бірақ солай болуы да мүмкін. Мұны да ескерген жөн», - депа атап өтті мемлекет басшысы.  
«Президент жанынан арнайы комиссия құру қажет. Жұмыс органы Премьер-Министр мен оның кеңсесі болады. Бағдарламаны ескертпелерді қаперге ала отырып соңына дейін аяқтаңдар, оны нақтылаңдар және іске көшіңдер. Жылдың соңына дейін сіздерге уақыт беріледі. Келесі жылдың 1 қаңтарынан жеке өзім ай сайын бақылауға алатын боламын. Сәттілік тілеймін!», - деді президент.
Ол сондай-ақ, атап өткендей, Қазақстан, Ресей және Беларусия арасында цифрландыру бойынша ортақ комиссия құру керек.  
«Бастамашы өзім болған Еуразиялық экономикалық одақтамыз. Ресей, Қазақстан және Беларусь күш біріктіре отырып, комиссия және бірлескен бағдарлама құруды ұсынамын. ЕАЭО-ның басқа мүшелерін ренжіткім келмейді. Олар да қосыла алады. Бірақ біз бірінші кезекте цифрландыру бойынша комиссия құрып, ілгерілетуіміз керек. Өйткені, әртүрлі тәжірибе бар. Біз оларды бір-бірімізбен бөлісіп, көмектесе алар едік. Мамандар да бар. Ресейдің мүмкінідігі мол, бұл тұрғыда», - деді Н.Назарбаев.
«Бүгін біз қозғаған мәселелердің барлығы елдің үшінші жаңғыруы аясында маңызды міндет болып табылады. Үкімет оны мембағдарламада ескеруі тиіс. Сондай-ақ, ортақ мәселелерді шешу үшін ЕЭК-де арнайы комиссия құру қажет.   Сондықтан президент жанынан бағдарламаны әзірлеуді аяқтау үшін комиссия құруды тапсырамын», - деді ол.  
Кеңеске мемлекеттік орган, ұлттық компания басшылары, парламент депутаттары, ірі шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновация саласындағы сарапшылар баяндама жасады.  
Баспасөз қызметінің ақпарынша, шара басталар алдында Қазақстан президенті арнайы көрмені аралады, ол жерде оған әр түрлі бағыттар бойынша 30 –дан астам ІТ-жобалар таныстырылды.  


Серіктестер