Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:27

Алдын-ала ақпар бойынша Алматыда денелері табылған екі баланы тұншықтырып өлтірген – ІІД

13.09.2017 Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алдын-ала ақпар бойынша Алматыда денелері табылған екі баланы тұншықтырып өлтірген, деп хабарлады қаланың ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
«2016 жылғы егіздер, олардың анасы   – Алла Волченко 1983 ж.т. Қазақстан азаматы, оның көңілдесі Өзбекстан азаматы, 1988 ж.т. (…) Өлім себебі мен уақытын анықтау үшін қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Біздің болжамымызша, сәбилердің денесін кем дегенде 3-4 күн ұстаған. Алдын-ала болжам бойынша олардың өліміне механикалық асфиксия себеп болған.  Нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды», - деді С.Әзірбек сәрсенбідегі брифингте.  
Күдіктінің айтуынша, ол егіздерді жиі жылай бергендері үшін, ашуланып өлтірген.  
«Кеше түстен кейін қылмыстық полиция қызметкерлері басқа да бөлімшелермен бірге арнайы шұғыл шаралар жүргізу барысында балалардың анасының көңілдесін тапқан, анасы да сонымен біргем болған, екеуі де мас күйде болған.  Қазір, аздап естерін жиғаннан кейін, олар балалардан құтылу үшін өлтіргендерін айтып отыр. Г. деген азаматтың – көңідесінің – айтуынша, балалар жиі жылап, оның ашуын келтірген-міс», - деп түсіндіреді С. Әзірбек.
ІІД өкілі атап өткендей, қылмыс анасының үнсіз келісімімен орын алған, кейін өлтіргенін естіген ол азаматтық күйеуінің жағына шығып, ол туралы полицияға хабарламаған.  
Қазіргі таңда балалардың анасы мен оның көңілдесі қамауға алынды. Оларға екі бап бойынша айып тағылуда – кішкентьай балаларды өлтіру және үлкен ұлын қала орталығында қараусыз қалдыру арқылы, оған қауіп төндіру. Үлкен ұлы «Самал» ықшам ауданында табылды.  
Бұл ретте атап өтілгендей, ерлі-зайыптылардың тұрақты жалақылары бар және және үнемі ішіп жүреді. Одан басқа, балалардың денесі табылған пәтерді олар қылмыстарын жасыру үшін жалдаған.  
Бұл ретте, ІІД атап өткендей, ұсталғандар жасаған қылмыстары үшін өкініш білдірмеген.  
Еске салсақ, екі баланың мәйіті Түрксіб ауданындағы пәтерлердің біріндегі тоңазытқыштан табылған. «Адам өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Хабарланғандай,  ол пәтерді үш баласы бар әйел жалға алған. Полиция азаматша В.-ның үлкен баласын тауып, оған тексеру жүргізу үшін медициналық мекемеге жеткізді.  
Кейін Алматы полициясы екі баланы өлтірген күдіктіні де ұстады. Ол 29 жасар Өзбекстан азаматы, балалардың анасының көңілдесі болып шықты.  Сонымен қатар, өзінің көңілдесімен бірге табылған балалардың анасынан да жауап алынуда. Үлкен ұлы балалар ауруханасында жатыр.  


Серіктестер