Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:31

Қарағандыда маркшейдерлердің халықаралық форумы өтеді

13.09.2017 Қарағанды. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 14-ші қыркүйекте «Геодезия, маркшейдерия және геотехнологиядағы инновациялық технологиялар» атты Халықаралық маркшейдерлік форум өтеді. Сонымен қатар Қазақстан маркшейдерлер Одағының ІІ съезі болады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, шараға Халықаралық маркшейдерлер қауымдастығының (ISM) Президенті Анатолий Охотин қатысады деп күтілуде. Форумға Германия, Украина, Өзбекстан және Қазақстанның ғалымдары, Швейцария, Италия, Испания және Ресейдің маркшейдерлік-геодезиялық компанияларының өкілдері жиналады.
Қатысушылар тау-кен кәсіпорындарын өлшеу инновациялық технологияларымен жабдықтау проблемалары, аталмыш саланы дамыту әлеуеті туралы әңгіме қозғады. Форум аясында заманауи маркшейдерлік-геодезиялық құрылғылар көрмесі өтеді деп жоспарлануда.
Съезде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қатысты нормативтік құжаттар талқыланатын болады.


Серіктестер