Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:16

Марафонды өткізу кезінде маршруттардың қозғалыс кестесі өзгереді

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Елордада 17 қыркүйекте «Astana Marathon 2017» марафоны аясында белгілі көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылуына байланысты қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы.
17 қыркүйекте марафон өткізу аясында елорданың белгіленген көшелерінде қозғалысқа шектеу қойылады. Осыған байланысты сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін 49 маршруттың қозғалыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізіледі: № 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 18, 20, 22, 23, 24, 25, 26, 28, 31, 33, 35, 37, 38, 40, 41, 44, 46, 48, 50, 52, 53, 60, 61, 71, 73, 80, 105, 106, 300, 302, 303, 304, 305, 308, 309, 312, 313, 315.
14 маршруттың қозғалысы уақытша тоқтатылады: № 15, 19, 21, 29, 32, 51, 56, 70, 101, 102, 500, 501, 502, 506.
Жоғарыда көрсетілген маршруттар бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы көшелер ашылған соң қайта қалпына келтіріледі.
Маршруттардың кестесін upt.astana.kz сайтынан және Telegram мессенджерінен, «Астана LRT» ЖШС - @astrabus_bot сайтынан, немесе келесі сілтеме арқылы табуға болады: https://telegram.me/astrabus_bot, әрі қарай «Марафон-17.09.2017» түймешесін басу қажет.


Серіктестер