Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:22

KASE индексі сәрсенбіде 0,3% -ға түсіп, 1975,9-ға жетті

13.09.2017 Алматы.13 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сәрсенбіде KASE индексінің мәні 0,3%-ға түсіп, 1981,89 – дан 1975,9-ға дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 30,4% түсіп, Т210,3 млн, немесе $617,1 мыңды құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары қымбаттағандар   «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,5%), «Кселл» АҚ (+0,1%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,6%) және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (+0,5%).
Акцияларының бағалары арзандағандар: Kaz Minerals PLC (-2,8%),  «KEGOC» АҚ (-0,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (-2,4%).


Серіктестер