Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:28

Назарбаев Өзбекстан мен Түркіменстанда іс сапармен болады

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан мен Түркіменстанда іс сапармен болып қайтады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті 2017 жылғы 16 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады», - делінген сәрсенбіде Ақорда сайтында жарияланған хабарда.
Хабарда айтылғандай, мемлекет басшысы Ташкентте Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізеді. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытудың жолдары талқыланады. Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 2017 жылғы 17 қыркүйекте жұмыс сапарымен Түрікменстанға барады. Сапар аясында Қазақстан Президенті Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарына қатысады.


Серіктестер