Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:31

Астана қаласы азаматтық қоғамының өкілдері қазақ әліпбиінің латын қаріпіне көшуін қолдайды

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақ әліпбиінің латын қаріпіне көшуі жөнінде бастаманы қолдауға елордалық азаматтық қоғамының өкілдері де қосылды, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бір ауыздан қазақ әліпбиінің латын қаріпіне көшірілуін қолдау жөнінде үндеуге қол қойды. Олардың пікірінше мұндай бастама әлемдік қауымдастықпен Қазақстанның бірігуі үшін маңызды қадам болып табылады.
«Латын қаріпі азаматтық қоғамдастықтың жұмысына жаңашылдық алып келетіні сөзсіз. Біздің халық жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер керуенінің қатысушысы бола алады. Бұл бағытта арнайы бағдарлама, әдістеме, әліпбидің заманауи стандарты дайындалатын болады.
Қазақстанның өркениет керуеніне бастайтын бастамалар қоғамда әрдайым қолдау табады деп ойлаймыз», - делінген хабарламада.



Серіктестер