Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:40

ЭКСПО көрмесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 75 мыңнан астам оқушы барды

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - 2017 жылдың 10 маусым-10 қыркүйек аралығында еліміздің түкпір-түкпірінен халықаралық көрмеге 77 894 оқушы барды, делінген елорданың ресми сайтында жарияланған хабарда. Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігімен бастама болған жобаның аясында жоспар бойынша бастапқыда 40 мың баланың келуі күтілген болатын.
Оқушылар үшін 2 күндік бағдарлама әзірленді: бірінші күн – көрмеге бару, екінші күн – Астана қаласының ең көрікті жерлерін аралау.  
Қалалық білім басқармасымен әр өңірлік делегация үшін жауапты тұлғалар анықталды. Әр өңірден мұғалімдер мен медицина қызметкерлері сынды балаларға жауап беретіндер қарастырылған.
Қонақтар елордалық білім мекемелерінің жатақханаларына орналастырылып, асханада тегін тамақтандырылды. Ол жерде тәулікбойы ЖПҚ қызметкерлері күзет етті.
-Біздің балаларымыз үшін бірінші кезекте бұл - жаңа тенденция туралы ақпаратқа қанық болу, әлемдік деңгейдегі шараға қатысу. Екіншіден, тәжірибе. Өз кезегінде тілдік және коммуникациялық машықтарды дамыту, кәсіби даму. Үшіншіден, бұл көрмені көрген оқушылардың жаңашылдыққа  деген тынысы ашылып, идея құрып, болашаққа талпынуға сеп болды деп ойлаймын, -деді Астана қ. Білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин.
Айта кеткен жөн, Астана-ЭКСПО көрмесіне 28 мың елордалық оқушы барған.



Серіктестер