Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:53

Қазақ тілінің латын қаріпіне көшуін елордалық ардагерлер кеңесі қолдады

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов те қазақ əліпбиінің латын графикасына көшуін қолдады, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты. Хабарда атап көрсетілгендей, ардагерлер сөзінше, маңызды оқиға Қазақстанның алға қадам басуына, Еуропаға жəне ғаламтордың дүниежүзілік желісіне жол ашады.
- Мен бұл ел тарихы үшін маңызды оқиға деп санаймын. Латын əліпбиіне көшу ел азаматтарына бір қадам алға басуына мүмкіндік береді. Адамдар шетелде жүріп еркін бағыт-бағдар таба алады. Мұны біз ертерек, жүзеге асырсақ, соғұрлым ол біз үшін жақсы болады, - деп ардагер өз пікірін білдірді.
Сансызбай Есілов Президенттің бұл бастамасын толығымен қолдайды.
-Сөзсіз, мен Елбасыны қолдаймын  Біздерге, ардагерлерге жаңа əліпбиді үйрену қиын болады. Бірақ біз меңгеруге тырысамыз. Өйткені бұл мемлекет игілігі үшін аса қажет, - дейді ол.
Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда қазақ əліпбиінің латынға көшуі бойынша жобасын құруды тапсырды. Орыс тілінде шығатын басылымдар киррилицада жарыққа шыға береді.



Серіктестер