Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
13:49

Қазақстанның Қарулы Күштері «Жауынгерлік бауырластық-2017» оқу-жаттығуына қатысу үшін Тәжікстанға әскери контингентті жедел алмастыруды өткізді

14.11.2017 Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының соңғы кезеңі барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері Әскери-әуе күштерінің әскери-көлік авиациясымен «Харбмайдон» полигонына алмастырылды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. Оқу-жаттығудың түпкі ниетіне сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы мүше мемлекеттерінің бірінде заңсыз қарулы құралымдардың басып кіруіне байланысты жағдай ушығып кетті. Халықаралық міндеттемелерге сәйкес Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан ҰЖДК-ның әскери контингенттері жағдайды тұрақтандыруда қарулы күштерге көмек көрсету мақсатында қысқа мерзімде дағдарыс өңірінде шоғырланды. Оқу-жаттығудың шешуші кезеңінде барлығы 5000-ға жуық әскери қызметші, 1500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ тартылды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері оқу-жаттығуда таулы жерде әрекет жасау үшін арнайы операциялар күштерінің бөлімшелерімен, майдандық авиацияның 8 ұшағымен (Су-27 және Су-30) және әскери-көлік авиациясының 7 ұшағымен ұсынылды. Биылғы жылы ҰҚШҰ ҰЖДК-ның «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы алғаш рет бірыңғай ниет бойынша бірізді түрде Ресей, Армения, Қазақстан және Тәжікстанның аумағында өткізіліп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Оқу-жаттығудың соңғы шешуші кезеңі Тәжікстан Республикасының «Харбмайдон» полигонында өтуде және 2017 жылғы 17 қарашада аяқталады.


Серіктестер