Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
14:11

Самұрық-Қазына холдингі компанияларының саны 2017 жылдың соңына дейін 315-ке дейін оңтайландырылады

14.11.2017 Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Кездесуде Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп беріліп, компанияның трансформациялану барысы туралы мәлімделді», - делінген Ақорданың ресми сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда.
Өмірзақ Шөкеевтің ақпаратына сәйкес, кәсіпорынның шоғырланған кірісі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 пайызға өсіп, 414 миллиард теңгені құраған.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан Президентіне холдинг құрамындағы компаниялар санының қысқарып, кәсіпорынды басқару деңгейі оңтайланғаны жөнінде баяндады. Өмірзақ Шөкеевтің мәліметі бойынша, осы жылдың соңына дейін холдинг құрамындағы компаниялар саны 315-ке дейін қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаятын болады.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.


Серіктестер