Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
12:20

Қарағандыдағы «Сарыарқа» ХК сатып алу құқығымен Т980 млн-ға сенімді басқаруға берілді

12.01.2018 Қарағандыдағы «Сарыарқа» ХК сатып алу құқығымен Т980 млн-ға сенімді басқаруға берілді  Қарағанды. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Қарағандыдағы «Сарыарқа» ХК сатып алу құқығымен Т980 млн-ға сенімді басқаруға берілді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен.  
  «Сарыарқа» хоккей клубы жекешелендірудің екінші толқыны аясында ары қарай сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге сенімді басқаруға берілді. Сауда-саттық барысында спорт нысанының бағасы 6 рет өсті. Ары қарай сатып алу құқығымен «Сарыарқа» ХК» ЖШС жарғы капиталына 100% қатысу үлесін беру бойынша тендер 2017 жылдың 17 қарашасында өтті. Шартқа 22 қарашада қол қойылған. Бастапқы бағасы Т161,193 млн болған нысан жеңімпазға Т980 млн-ға бұйырды», - делінген жұмадағы облыс әкімдігінің хабарында.  
Өңірлік билік нақтылағандай, хоккей клубының сенімді басқарушысы «Saryarka» спорт клубы» қоғамдық бірлестігі болды.
«Басты талап – спорт саласындағы бағытының сақталуы. Сондай-ақ сенімді басқарушы спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушы құрамның біліктілігін арттырумен айналысуы керек.  Оның міндетіне бұқаралық, балалар-жасөспірімдер спорты мен кәсіби командалардың қызметін дамытуға жағдай жасау кіреді», - деді әкімдікте.



Серіктестер