Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:32

Алматы облысында үш рет қар көшкіні болды

12.01.2018 Алматы облысында үш рет қар көшкіні болды Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Алматы облысында үш рет қар көшкіні болды, деп хабарлады «Қазгидмромет» РМК.  
«Өткен тәулікте Қазақстанның барлық таулы аумақтарында қар жауды. Ең биік қар жамылғысы Іле Алатауында болып, оның биіктігі 21 сантиметрді құрады. Қардың түсуіне байланысты ауа температурасы төмендеп, 8-24° аяз болды. 11 қаңтар күні кіші Алматы өзенінің бассейнінде үш рет шағын қар көшкіні байқалды», -делінген жұмада таратылған хабарда.  
Синоптиктердің ақпарынша, таяу күндері (12-13 қаңтар) Қазақстанның таулы аумақтарында қар көшкіні болмайды. 14 қаңтарда ауа райына байланысты Алматы облысының таулы аумақтарында қар көшкіні болуы мүмкін.
Баспасөз қызметінде хабарлағандай, қар көшкінін тудыру қаупіне байланысты қарлы шыңдарға шықпау ұсынылуда.  


Серіктестер