Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
17:41

Қостанай облысының бірқатар прокуратура қызметкерлері қазақстандық прокурорлардың беделін түсіретін әзіл өлеңді таратқаны үшін жазаланды

12.01.2018 Алматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Қостанай облысының бірқатар прокуратура қызметкерлері қазақстандық прокурорлардың беделін түсіретін әзіл өлеңді таратқаны үшін жазаланды, деп хабарлады өңір прокуратурасынан.  
«Аталмыш дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді, оның нәтижесі бойынша облыстағы прокруратураның бірқатар қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылды», - делінген жұма күні агенттіктің ресми сауалына Қостанай облысы прокуратурасының берген жауабында.  
Бұған дейін, WhatsApp мессенджері арқылы Қостанай қаласы прокуратурасының қызметкерлері прокурорлардың беделін түсіріп, оларға деген сенімді жоятын әзіл өлеңнің аудиожазбасын таратқан-мыс. Өлең мәтінінде прокурорлардың прокуратура органындағы қызметінің арқасында шалқып өмір сүретіні жайлы айтылған. Таратылған ақпарға сәйкес өлең мәтіні қалалық прокуратураның қылмыстық тексеру бөлімінің қызметкерлері құрастарып, аудиожазбасын жазған.  
Сондай-ақ, атап өтілгендей, қызметкерлер осы әрекеттері арқылы ҚР прокуратура мекемесі мен орган қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің бірқатар тармағын бұзған.  


Серіктестер