Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:06

Астана, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар әуежайлары өз жұмысын қайта жандандырды

12.01.2018 Астана, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар әуежайлары өз жұмысын қайта жандандырды Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ - Астана, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар қалаларының әуежайлары ауа райының қолайсыздығынан кейін өз жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды ҚР ИДМ ААК баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Астана, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар қалаларының әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тұрақты рейстер белгіленген кестеге сәйкес орындалуда.
Астана қаласының әуежайында аздаған қар жауып тұр, шамалы жел бар, ауа температурасы -14 градус, желдің жылдамдығы секундына 7-9 метр, көріну қашықтығы 1100 метр.
Қарағанды қаласының әуежайында аздаған қар жауып тұр, шамалы жел бар, ауа температурасы -10 градус, желдің жылдамдығы секундына 10 метр, көріну қашықтығы 1300-ден 1600 метрге дейін.
Көкшетау қаласының әуежайында ауа температурасы -23 градус, желдің жылдамдығы секундына 8 метр, көріну қашықтығы 10 км.
Павлодар қаласының әуежайында жаяу бұрқасын, ауа температурасы -9 градус, желдің жылдамдығы секундына 6 метр, көріну қашықтығы 10 км.


Серіктестер