Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
18:16

Жаңаөзенде мұнай өнеркәсібі құралдарын жөндеу бойынша ТМД –дағы ең ірі цех ашылды

12.01.2018 Жаңаөзенде мұнай өнеркәсібі құралдарын жөндеу бойынша ТМД –дағы ең ірі цех ашылды  Алматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Маңғыстау облысы Жаңаөзенде мұнай өнеркәсібі құралдарын жөндеу бойынша ТМД-дағы ең ірі цех ашылды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.  
«Аймақ басшысы мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының өндірістік базасының ашылу салтанатына қатысты. Кәсіпорын үш жылдан астам уақыт салынды», - делінген жұма күні жарияланған хабарда.  
«Өндірістік базаның жалпы аумағы 9 гектар. Базада Мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының 300-ден аса қызметкері жұмыс істейді. Аталған басқарманың 5 цех, 2 учаскесі осы нысанға орналасып, өз жұмыстарын бастауда», - делінген хабарда.
Өткен жылы «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамының мұнай өндіру көрсеткіші 5 млн. 480 мың тоннаны, ал кіріс Т507 млрд. құрады. Бүгінгі таңда «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы және оған қатысты мекемелерінің барлық жұмысшы саны – 20 307 адам.    



Серіктестер