KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке өсіп, Т443,77 болды

Аcтана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күнгі жағдай бойынша қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) $1 орташа бағамы Т443,77-ге жетті.
Сейсенбі күнгі сауда-саттыққа қатысты доллар Т0,45–ке арзандады.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т442,65- Т445,2 болды.
Сауда-саттық көлемі $276 842,04 мың болды.

Фото көзі: pixabay


adimage