Ресей аумағынан келетін су көлемінің көптігі Жайық өзенінің толуына ықпал етеді

Атырау. 24 сәуір. ҚазТАГ — Ресей аумағынан келетін су көлемінің көптігі Жайық өзенінің толуына ықпал етеді, деп мәлімдеді Атырау облысы төтенше жағдайлар жедел штабы.
«Егер бұрынғы деректерге сүйенсек, Атырау облысының аумағына тасқын судың көп бөлігі әдетте мамыр айының ортасында келгенін білеміз. Бірақ, биылғы жылы Ресей Федерацясының аймағынан мол су келіп, көктемгі тасқынның ерте басталуына себеп болып отыр. Батыс Қазақстан облысының аумағымен төменге қарай аққан су Атырауға шамамен 6-7 күнде келеді. Осындай болжамға сүйенсек, 2-3 мамыр күндері Жайық өзенінің Атырау облысындағы арнасы толуы мүмкін», - деді Атырау облыстық жедел штаб жанындағы зерттеуші ғалымдардың жұмысшы тобының өкілі Арман Жұмағазиев.
Облыстық жедел штабтың мәліметінше, 24 сәуірдегі таңертеңгі сағат 08:00-де Атырау қаласы гидробекетте Жайық өзенінің деңгейі 422 см-ге жеткен. Қауіпті деңгей – 550 см.
24 сәуір күнгі мәлімет бойынша Атырау қаласындағы Жайық жағалауына 229,6 шақырым бөгет тұрғызылды.

adimage