Әскери қызметшілерге теміржол және авиабилеттер бойынша қызметтерге Т487,2 млн жұмсамақ

   Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Әскери қызметшілерге теміржол және авиабилеттер бойынша қызметтерге Т487,2 млн жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
  «Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің «11567 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі; атауы - теміржол және авиа жолаушылар билеттерін сату және брондау бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде білім алатын Қазақстан Республикасы қарулы күштер әскери қызметшілері мен отбасы мүшелеріне авиа билеттерді сату бойынша қызметтер (оқуға түскендер және қысқы демалыс); саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т487 275 799», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
  Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 21 мамыр мен 15 маусым аралығында өтеді.

Фото көзі: pixabay.com


adimage