Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
09:27

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп күтілуде

13.09.2017 Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп, хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада ала бұлтты, кейде жауын жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, ауа температурасы +10+12 градус шамасында.
Алматыда да ала бұлтты, жауын жаумайды, 0-5 м/с жел соғады, +21+23 градус.
Ақмола, Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа  температурасы сәйкесінше, +9+14 және +12+17 градус. Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, екпіні 23+28 м/с болады, +8+13. Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман түседі,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +7+12 болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа  температурасы сәйкесінше, +10+15 және +5+10 болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +20+25. Алматы облысының аумағында да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, +18+23.  
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында күн ашық, сәйкесінше, +25+30, +24+29, +20+25 және +20+25 градус.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады, жауын мол жаууы себепті Батыс Алтайдың (ШҚО) жекелеген өзендерінде су деңгейі көтеріледі. Сырдария өзенінде арналық реттеулерге байланысты Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумағында су деңгейі құбылып тұрады.

Серіктестер