Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
09:34

ЕО өзінің барлық аумағында Wi-Fi тегін желісін орнату үшін 120 млн еуро жұмсайды

13.09.2017 Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Еуроодақ одақ елдерінің барлық аумағындағы қоғамдық орындарда тегін сымсыз интернет нүктелерін (Wi-Fi) орнатуға 120 млн еуро жұмсайды, деп хабарлады ТАСС.  
Страсбургтегі еуропарламент сессиясында мақұлданған тиісті құжатта көрсетілгендей, 2018 жылдан бастап тегін сымсыз интернет терминалдары ЕО аумағындағы 6 мыңдай қала мен ауылда - ауруханаларда, кітапханаларда, саябақтарда орнатылады.
Цифрлық экономика жөніндегі еурокомиссар Мария Габриельдің айтуынша, тегін интернет желілерін ең алдымен қай жерлерге орнату керектігін муниципалитет өзі анықтайды.  
Бастама авторларының айтуынша, басты идея - ең алдымен шағын ауылдарға қызметтің осы түрін ұсынуды барынша жеңілдету.  
Wi-Fi таратудың жаңа схемасын енгізушілердің айтуынша, олардың міндеті Еуроодақ аумағындағы цифрлық теңсіздікті жою.  
«Бұл бастама күнделікті өмірде азаматтарға пайдалы қызмет ретінде Еуропаға үлгі болуы керек», - дейді олар.

Серіктестер