Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
09:52

КХДР БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің жаңа санкцияларын толығымен қабыл алмады

13.09.2017 Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - КХДР толығымен БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің жаңа санкцияларын қабыл алмады, деп хабарлады Lenta.ru.
«Пхеньян біздің зымыран ұшыруларымызды халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіреді деп атаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің заңсыз санкцияларын қабыл алмайды. Аталған құжатпен бізді өзімізді қорғаудан айырып отыр. Ол дегеніңіз бізге тез арада егемендігіміз бен өмір сүру құқығымызды қамтамасыз ету үшін Солтүстік Кореяның қуатын арттыруда қуатты серпін жасауымыз керек деген сөз», - деп жасаған солтүстіккореялық СІМ мәлімдемесін ЦТАК мемлекеттік жаңалықтар агенттігінің сайтында келтіреді.
КХДР СІМ мәлім еткендей, зымыран Америкаға ұшып бара алады және Ресейдің жартысын жойып жібере алады.
Бұрындары хабарлағандай, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі дүйсенбі күні  осы ел алтыншы рет  ядролық сынақ өткізгеніне жауап ретінде КХДР-ға қарсы санкцияларды қатайту туралы қарар қабылдады. Сөйтіп, КХДР-ға мұнай өнімдерін сату, шикі мұнай сату шектеледі. Оның көлемі өткен 12 айдағы көрсеткіштен аспауы керек. Сондай-ақ КХДР конденсаттар мен газконденсаттық сұйықтар сатып ала алмайтын болды және тоқыма өнімдерін сата алмайтын болды. Бұл ретте Қауіпсіздік  кеңесі алтыжақты келіссөздерді қолдайтындығын білдіріп, оны қайта бастауға шақырды.  

Серіктестер