Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
10:08

АҚШ Астанадағы сирияаралық келіссөздерде Иранның кепіл ретінде қатысып отырғанына алаңдаулы

13.09.2017 Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – АҚШ мемдепартаменті Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздерде америкалық делегацияны АҚШ мемдепартаментінің көмекшісі міндетін атқарушы Дэвид Саттерфилд бастап баратындығын растады, сондай-ақ Иранның астаналық үдерісте Сириядағы әскери іс-қимылдарды тоқтату режиміне кепіл мемлекет ретінде қатысып отырғанына алаңдаушылық танытты. ТАСС хабарлағандай, АҚШ СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарда осылай деп айтылады.
«АҚШ бұрынғысынша, астаналық үдерске кепіл ретінде Иранның (келіссөздерге – ҚазТАГ) қатысып отырғанына алаңдаулы. Иранның Сириядағы әрекеті Асадтың режимін (Сирия президенті Башар – ҚазТАГ) мүлтіксіз қолдауы шиеленісті қыздыра түсіп, қарапайым сириялықтардың  азабын арттыра түседі», - делінген мәлімдемеде.  
Астанадан соң қазан айында женевалық консультацияның жаңа раунды басталуы керек. Оның күн тәртібінде – басқару мәселесі, сайлау, конституция және терроризммен күрес мәселелері бар. Оппозицияның - «эр-риядтық» (Келіссөздер бойынша Жоғарғы комитет деп аталатын), «мәскеулік» және «каирлық» топтар - алда үкіметпен тікелей келіссөздерге шыға алу үшін  бірігу үдерісі жалғасуда.  

Серіктестер