Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
09:27

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

15.11.2017 Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, солтүстік-шығыстан  9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз 0 шамасында.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, 2-7 м/с жел тұрады, +7+9.
Ақмола облысының аумағында кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, -3+2. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ, -3+2. Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман, -4+1. Қостанай облысының кей жерлерінде төменнен бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, сәйкесінше, 0+5 және -2+3; Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады.  
Жамбыл облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, 15-20м/с жел тұрады, +8+13. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында күндіз жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерде тұман, сәйкесінше, +9+14 және +5+10.  Алматы облысында кей жерлерде жауын-шашынды,  15-20 м/с жел тұрады, +6+11.
Маңғыстау және Атырау облыстарында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, сәйкесінше, +10+15 және +8+13. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, +6+11. Ақтөбе облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, +3+8.
Алдағы күндері Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы ішіндегі Сырдария өзенінде су арналарын реттеуге байланысты су көлемінің құбылуы күтілуде. Республиканың басқа су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Серіктестер