Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
10:49

Қапшағайды газдандыру жобасы аяқталды

15.11.2017 Талдықорған. 15 қараша. ҚазТАГ - Қапшағайды газдандыру жобасы аяқталды, деп хабарлады тілші.

«Қапшағайда «Байсерке-Қапшағай» магистралды газқұбырын тарту және газбөлу желілерінің құрылысы жобасы аяқталды. Инвестициялық жоба 2030 жылға дейін Алматы облысын газдандырудың аймақтық кестесіне сай әзірленген болатын», - деп хабарланды қала әкімдігінен сәрсенбіде.

Қала басшысы Талғат Қайнарбековтың айтуынша, жобада газды бөлу жүйесіне газ беру арқылы Қапшағай қаласы мен оған жақын орналасқан елдімекендерге көгілдір отын беру қарастырылған.

«Байсерке-Қапшагай» газқұбырының жобалық қуаттылығы жылына  400 млн текше метрге жуық газ өндіруге есептелген, бұл өз кезегінде  жергілікті жұртты коммуналдық-тұрмыстық нысандарымен және өндіріс кәсіпорындарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді әкім.

Магистралды газқұбырының жобалық құны шамамен 4,5 млрд теңгені құрады.

«Магистралды газқұбырының құрылысы алғаш рет газ жүйесінде жеке инвестордың инвестициясы есебінен жүргізілді. Жоба мемлекеттік-жеке әріптестік аясында жүзеге асырылуда», - деп толықтырды Т. Қайнарбеков.

Серіктестер