Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
16:47

Теңгенің АҚШ долларына қарсы нығаюына не мүмкіндік беріп отыр?

28.02.2017 Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Былтыр жыл басындағы теңгенің доллар/теңге жұбындағы күрт әлсіреуі биылғы жыл басында қазақстандық валютаның күрт нығаюымен ауысты. Оған себеп болғаны 2016 жылғы экономикалық нәтижелерге қарағанда биылғы Қазақстан экономикасының қолайлырақ келешегі болды.


Валюталық әткеншектер


Бүгіндері теңге бағамына не болды, оның долларға қарағанда құбылуына себеп не деген сауалды бүгіндері екінің бірі қойып жүр. Ол жәй де емес: жаңа жылдың екі ай толмас мерзімінде – 2016 жылдың 31 желтоқсаны мен 2017 жылдың 26 ақпаны аралығында – доллардың теңгеге шаққандағы атаулы бағамы Т333,29-дан Т311,49-ға дейін, яғни Т21,8-ге төмендеді.
Қазақстанның (басқаларында да) валюталық нарығындағы болып жатқан құбылыстар өткен жылдың алғашқы екі айындағымен салыстарғанда кері бағытта өрбуде. Еске салсақ, 2015 жылдың 31 желтоқсаны мен 2016 жылдың 29 ақпаны аралығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы Т10,35-ке өсіп, Т339,47-ден Т349,82-ге дейін жеткенді. Бұл ретте ұлттық валютаның құлдырау шегінде – былтырғы 22 қаңтарда доллар ресми түрде Т383,91 болған, ал жекелеген айырбас қосындарында Т390-ға жеткен.
Ол неге солай болғанын қазір көбі біле де бермейді. Себебі соның алдында 21 қаңтарда Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы соңғы 12 жылдағы ең төменгі құлдырау шегіне жетіп, $28/барр болған еді. Дәл осы мұнай бағасының күрт арзандауы теңгенің күрт арзандап кетуіне себеп болған еді. Және ол ұлттық валютаны енгізген 1993 жылдан және 2015 жылғы 20 тамыздағы теңге бағамын еркіндікке жібергеннен бергі тұңғыш рет орын алып отырған еді.
Бірақ содан бері мұнай бағасы екі еседей қымбаттап, қазір баррелінің бағасы $54-57-ден сатылуда, ол біріншіден ОПЕК пен оған мүше емес мұнай экспорттаушы елдердің мұнай өндіру көлемін 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қысқарту туралы уағдаласуының арқасында болып отыр. Қазақстан экономикасының және ұлттық валютаның мән-жайы (әсіресе еркін айырбас жағдайындағы) толығымен шикізат экспортына және оның әлемдік бағасына (ең алдымен мұнайға) тәуелді болып отырғанда теңге неге нығайып келеді деген сауал жәй айтылған сауал болады.


Теңгеге қолдау


Бірақ ұлттық валютаның нығаю үрдісінің себебі айдан анық болса, теңгенің долларға қарағанда бағамының өзгеру жылдамдығы мен оның тереңдігіне қатысты мәселе қарапайым емес. Мәселе ол көрсеткіштер, атап айтқанда Қазақстанның шикізаттық экономикасында, мұнай бағасының әлемдік нарықтағы өсуін ғана айқындамайды (ол негізгісі болғанымен), сонымен қатар басқа да факторларды көрсетеді.
Басқаша айтқанда, теңгенің долларға қарағанда бағамының өзгеру жылдамдығы мен оның тереңдігіне қатысты аталған жағдайда ұлттық валютаның ревальвациясында бірінші планға субъективті факторлар шығады. Бірінші кезекте Қазақстан ұлттық банкі мен үкіметтің айтқандары мен күтулері бірінші кезекке шығады. Осы тұрғыдан теңгенің алда да нығаюына банк секторын T2,1 трлн мөлшерінде мемлекеттік қолдау, ал ол Т330/$1 бағамы бойынша есептегенде $6,3 млрд-тан астам, септігін тигізбек және ол қайта қаралған 2017-2019 жылдарға есептелген бюджетте қарастырылған.
Бұл ретте аталған соманың айтарлықтай бөлігі Ұлттық қордың мақсаттық трансфертімен қамтамасыз етіледі, ал ол президент бекіткен бюджетке енгізілген түзетулермен Т1,093 трлн-ға артып, Т1,534 трлн мөлшерінде бекітілген. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілденген трансферт бекітілген мөлшерде - $2,88 трлн болып қалдырылған. Ол қаражат Ұлттық қордан доллар түрінде түсетін болғандықтан оның конвертациясы теңгенің айырбас бағамының пайдасына шешілмек.
Екіншіден, ұлттық валютаның одан ары нығаюына Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне биылға жасалған болжамдары да себеп болып отыр. Бірінші кезекте әңгіме мұнайдың орташа жылдық бағасының $35 - $50/баррель және ЖІӨ өсімі 1,9%-дан 2,5%-ға жетеді деп болжануы туралы болып отыр, ал 2016 жыл қорытындысы бойынша ол көрсеткіш бар болғаны 1%-ға өскен болатын. Оған биыл Қашағанды игерудің арқасында мұнай өндірісінің артатындығын қосу керек.
Үшіншіден, ЕАЭО аясындағы Қазақстанның негізгі сауда әріптесі Ресей үкіметінің макроэкономикалық болжамының жақсаруы да теңгенің пайдасына шешіліп отыр. Жақында РФ экономикалық даму министрі Максим Орешкин мәлімдегендей, 2017 жылы ресейлік ЖІӨ өсімі 2% жетеді, егер ешқандай сыртқы есеңгіреулер болмаса. Бұған дейін Ресей бірінші вице-премьері Игорь Шувалов та осындай мәлімдеме жасаған еді, алайда (РФ макроэкономикалық дамуының ресми болжамы бойынша) ресейлік ЖІӨ мұнайдың орташы жылдық бағасы барреліне $48 болғанда 1,1% ғана өсу керек деген еді.
Ресейлік .үкіметтің оптимистік болжамдары әр түрлі елдегі пайыздық мөлшерлемелердің айырмашылығын пайдалана отырып, рубльдік активтерге ары қарай да қаржы құюға дайын инвесторлар үшін жағымды сигнал болып отыр. Еске салсақ, қазір мысалы, Ресейдің федералды займдарының облигациялары бойынша мөлшерлемелері дамыған елдердегі мемоблигациялар мөлшерлемесіне қарағанда барынша жоғары, бұл ресейлік нарыққа қысқа мерзімді алып сатарлық шетелдік капиталдың ағылуына ықпал етеді. Ал бұл жақын болашақта рубль бағамының өсуінде жақсы рөль ойнайды, ал оның динамикасына бұрынғысынша қазақстандық нарықта ресейлік импорт үлесінің жоғары болуы себепті бұрынғысынша теңгенң айырбас бағамының қозғалысы тәуелді.
Төртіншіден, теңгеге бірқалыпты оң ықпал етіп отырған, ол - ақырындап төмендеп жатса да, әлі де өсу қарқыны жоғары қытайлық экономика. Көптеген талдаушылардың болжамдарынша, биыл Қытай ЖІӨ 6,5-6,7% шамасында артады, яғни 0,2% - дан төмендейді немесе 2016 жылғы деңгейде қалады.
Бесіншіден, Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда әріптесі болып қала беретін Еуроодақтың ЖІӨ өсімі бойынша Еуропалық комиссияның (ЕК) жаңа болжамы да теңгенің пайдасына болып отыр. ЕК күткендей, 2017 жылы ЕО экономикалық өсімі бұрын болжанған 1,6% емес, 1,8% құрайды.
Алтыншыдан, биылғы әлемдік экономика өсімі барынша жоғары болады деп күту долларға қарағанда теңгені қолдап отыр. Мәселен, ХВҚ ол 2016 жылғы 3,1%-ға қарағанда биыл 3,4% құрайды деп болжап отыр. Егер осылай бола беретін болса, онда бұл шикізат қорына жаһандық сұраныстың артуына алып келеді, осылайша, атап айтқанда, мұнай бағаларына оң әсер етеді.


Бұрынғы бағытпен бе?


Осының барлығы Қазақстанның валюта нарығындағы кәсіби қатысушылардың оптимистік болжамдарын туғызып отыр, ал олар әсіресе соңғы екі айдағы теңгенің барынша тұрақталуы бойынша, ұлттық валютаға барынша ауысып, теңге құралдарына арқа сүйеп отыр.
Бұған қоса, ақпанда теңгеге салық кезеңі қолдау көрсетіп отыр, ол кезде ірі компаниялар салық төлеуге арналған валюталық кірістің бір бөлігін шоғырландырып, Ұлттық банктің 20 ақпандағы базалық мөлшерлемені 12%-дан 11% дейін төмендетуінен ұлттық валюта бағамына болуы мүмкін теріс ықпалды жойған,
Ұлттық валютаның ары қарай болжамына келер болсақ, жақын болашақта доллар бағасы Т300 деңгейіне жетуі ғажап емес, тек, кем дегенде мұнай бағасы ағымдағы диапазонда сақталатын болса және рубль ары қарай нығаятын болса ғана.
Бірақ Қазақстан экономикасының құрылымдық дағдарысы әлі ешқайда кетпегенін есте ұстау керек, ол Қазақстан шаруашылық жүйесінің шикізатқа тәуелділігімен көрініс табатындығында. Сондықтан мұнай бағасы қазіргі деңгейден төмен құлдыраған кезде теңге бағамы да құлдырайды. Және осы қауіп республика «мұнай инесінен» түспейінше Қазақстанның үстінде қанжарын жалаңдатып тұрады. Ал Қарашығанақтағы, Теңіздегі және Қашағандағы өндірісті кеңейту жобаларын ескеретін болсақ, оның аулы әлі алыста.
Бірақ ұлттық валютаның нығаю үрдісінің аусуы әзірге бола қоймас, кем дегенде алдағы 2-4 айда оны күту мүмкін емес секілді. Және олай деп есептеуге толығымен негіз бар, әсіресе ОПЕК пен осы ұйымға кірмейтін мұнай экспорттаушы елдерінің арасында келісім орындалып отыруын және сланцтық мұнай өндірісі қарқын алып келе жатқанын және ол өзінің ең жоғарғы мәніне жетпегенін ескеретін болсақ.

Серіктестер