Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
10:43

Неге теңге бағамы қайтадан қысым астында қалды?

10.03.2017 Алматы. 6 наурыз. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Ақпан айында доллар аздап әлсірегеннен соң наурыздың басынан бастап теңгемен жұбында күрт көтеріле бастады және ол ұлттық валютаны бұрынғысынша  фундаменталдық факторлар қолдап тұрғанына қарамастан. Бірақ көктемнің бірінші айының басында екі елеулі себеп пайда болып, ол жоғарыда айтылған қолдауды теңгеріп, америкалық валютаның одан ары нығаюына септігін тигізуі мүмкін.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамының өсуін күтуге де болар еді, әсіресе салықтық науқан аяқталып, Қазақстанда жұмыс жасайтын компаниялар шетелдік валюталарын қарқынмен сатып, бюджетке салықтарын төлеп болғасын. Дегенмен америкалық валютаның осыншама нығаюы онша күтілмеген жағдай болды. Бір аптаның ішінде 27 ақпан мен 6 наурыз аралығының өзінде доллардың ресми бағамы Т6-ға қымбаттап,  Т311,49-дан Т317,46-ға нығайды.
Бұл ретте салық төлеу кезеңінің аяқталғанына қарамай, теңге бұрынғысынша нығая берер еді, егер наурыздың басында белең берген елеулі екі фактор болмаса.
Біріншіден, мұнай нарығында үлес үшін «сауда соғысының» келесі кезеңі белең берді. Өткен аптаның аяғында Bloomberg ақпараттық агенттігі Сауд Арабиясы биылғы сәуірден бастап өздерінің клиенттері үшін мұнай бағасын арзандатады деген хабар таратты: атап айтқанда корольдік Еуропаның солтүстік-батыс елдері мен АҚШ-қа наурыздағы бағадан сәйкесінше, 45-60 центке және 10-30 центке арзан сатпақшы. Саудтықтардың бұл қадамы олардың бұрынғы әрекеттеріне қарсы болып тұр – бұған дейін корольдік «қара алтын» бағасын АҚШ, Еуропа және Азия клиенттеріне көтеріп келген.
Бұл фактор АҚШ-тағы мұнай  қорының  және сланецтік кеніштердегі бұрғылау қондырғылардың артуымен мұнай бағасына арзандау бағытында қысым көрсетіп, сол арқылы шикізат валютасының бағамына, оның ішінде теңге бағамын да арзандатады.
Екіншіден, долларға қосымша қолдау көрсетіп және мұнай бағалары мен шикізат валюталарына кезекті соққыны жақында АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі беруі мүмкін. Өткен жұмада ФРЖ басшысы Джанет Йеллен топ-менеджерлердің Чикаго клубында сөйлеп тұрып осы айда базалық мөлшерлеменің көтерілуі мүмкіндігін теріске шығармады.
«Жақында біз, егер экономикалық мәліметтер біз күткендей болатын болса, пайыздық мөлшерлемені ақырын көтергеніміз орынды болар отырмыз.  Осы айдағы отырыста жұмыспен қамтамасыз ету жағдайы мен инфляция біз күткендей екендігін комитет бағалайды, ондай болған жағдайда, базалық мөлшерлеменің одан ары өзгерісі орынды болады», - деп мәлім етті 3 наурызда ФРЖ басшысы өзінің «Ынталандыруды арттырудан оны қысқартуға» атты тақырыптағы баяндамасында.
Еске салсақ, мөлшерлеме бойынша шешім бірден ФРЖ Федералдық комитетінің отырысынан кейін 14-15 наурызда жарияланбақшы. Бұл ретте Bloomberg мәліметінше, ФРЖ-нің бірқатар лауазым иелері, оның ішінде Нью-Йорктің Федералдық резервтік банкінің президенті  Уильям Дадлиді және басқарушылар кеңесінің мүшесі Лейл Брейнардті қоса алғанда жақын арада мөлшерлемені көтеруге дайын екендігін мәлім еткен соң, кәсіби қатысушылар наурызда мөлшерлеменің көтерілу ықтималдығын бұдан бір апта бұрынғы 40%-бен салыстырғанда 96% деп бағалап отыр.
Егер мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылданса, ол соңғы 11 жылдағы үшіншісі болады. Бұған дейін ол 25 базистік тармаққа 2015 және 2016 жылғы желтоқсанда көтерілген – сәйкесінше, 0-0,25% -дан 0,25-0,5% және 0,25-0,5%-дан 0,5-0,75%-ға дейін. Алдағы отырыста ФРЖ базалық мөлшерлемені арттырған жағдайда ол доллардың одан сайын нығайып, мұнай бағасының арзандауына әкеледі. Бірақ Федералдық резервтік жүйе монетарлық саясатын қатайтқанымен мұнай бағасы барреліне $50-дан төмендей қоймас.
Осы факторлардың айырбас бағамына теріс ықпалын аздап болса Ресей қаржы министрлігінің күн сайынғы валюта сатып алу көлемін екі есеге төмендету туралы шешімі төмендетуі мүмкін. Өткен жұмада министрлік 7 наурыз бен 6 сәуір аралығында ішкі валюталық нарықта доллар сатып алуға 70,5 млрд рубль бағыттайтынын хабарлады, ал ол 7 ақпан мен 5 наурыз аралығындағыдан 38% аз.
Сол арқылы Банк Российдің күн сайынғы интервенциясының көлемі осы айда және келесі айдың басында 3,2 млрд рубль болады, ал ол ақпан мен наурыздың басына 6,2 млрд рубль болып еді. Ол кезде Ресей қаржы министрлігі Urals маркалы мұнай бағасы Ресей бюджеті есептелген барреліне $40-дан асқасын, Центробанк арқылы валютаны қосымша мұнайгаз кірістеріне конверттеп еді. Америкалық валютаны сатып алудың қысқару себебін Ресей қаржы министрлігінде мұнайгаз кірістерінің жетпей жатуымен түсіндірген еді.
Бұл жағдай рубльге әлсіреу бағытында қысым көрсетуі мүмкін, ал ол өз кезегінде теңгеге нарықтағы қатысушылардың күтуі арқылы жанама түрде оң ықпал етуі мүмкін. Бірақ таразыға осы санап шыққан жағдайларды қойсақ, онда доллар жағы басып кетер еді.
Сондықтан наурызда белгі берген аталған осы екі фактордың ықпалынан көктемнің алғашқы айында америкалық валютаның үстемдігі артып тұрар. Дегенмен нарықтағы тез өзгеріп тұрған жағдайға байланысты тура солай болады деуге болмас, себебі көптеген фундаменталдық факторлар  (биыл әлем экономикасы, Қазақстан мен Ресей ЖІӨ өседі, ОПЕК пен оған кірмейтін мұнай экспорттаушы елдердің мұнай өндірісінің көлемін қысқарту туралы келісімді сақтайды деп күту) шикізат валютасына, оның ішінде теңгеге де қолдау көрсетіп отыр.  

Серіктестер