Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
12:27

Проблемалық несиелердің нақты мөлшері зейнетақылық жинақтың сақталуына неліктен қауіп төндіруде?

26.04.2017 Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Сарапшылар көптен айтып жүргендері ҚР Ұлттық банк басшысының мәлімдемесінде расталды. Реттеуші шын мәнісінде екінші деңгейдегі банктер тарапынан проблемалық активтердің деңгейін бағалау шындыққа жанаспайтынын мойындады. Бірақ оны мойындағаннан ол банк секторындағы қатерді жоймақ түгілі, зейнетақылық жинақтың едәуір бөлігінің сақталуына да қауіп төндіреді.


Банкирлер нені айтпай қалып отыр


«Нашар» несиелердің деңгейін кішірейтіп көрсету тәжірибесі бұдан 10 жыл бұрын сонау 2007-2009 жылдарғы дағдарыс кезінен басталса да, ол жыл сайын оның артуымен қоса кішірейтіп көрсету тәжірибесі айлалы бола бастады. Реттеуші тек соңғы кездері проблемалық активтердің көрсетіп жүрген деңгейі банктердің күнделікті есептеріндегі деңгейіне сай келмейтіндігін мойындады.
Және де соңғы кездерге дейін жұмыс жасамай жатқан кредиттердің деңгейін қағаз жүзінде емес, нақты кішірейтуге шындап келгенде түк те жасалмады. Бірақ ауруды жасырғаныңмен - өлім әшкерелейді. Енді болса, ол проблеманың өскендігі соншама, оның ауқымына, оның үстіне оның қаржылық сектор үшін мүмкін боларлық негативтік салдарына көз жұмуға мүлдем болмайтын болғандықтан, Ұлттық банк оны тек мойындап қана қоймай, оны түзетуге тырысып жатыр. Тым кеш емес па екен?
Жақында «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков банктерде проблемалық кредиттерді бағалауында сәйкес келместік проблемасы барлығын ашық айтты.
«2015 жылы ірі макроэкономикалық сілкіністер болып, ол банктен заем алғандардың төлемге қабілеттілігіне ықпал етті. Бірақ банктер займдар бойынша шығындарын, оның ішінде займдарды жасанды түрде «қайтақұрылымдау» есебінен пайда болған шығындарын мойындауға асықпауда және төлем мерзімін кейінге ығыстыруда. Ондай займдарды қаржы орталарында «мәңгі жасыл» деп атайды. Нәтижесінде, төлемдер жүргізілмей жатқан займдар банк есептерінде жұмыс жасамай тұрған несиелер санатына кіргізілмейді. Сондықтан Ұлттық банкте жұмыс жасамай жатқан займдардың әлеуетті көлемі жалпы алғанда банктер есептеріндегіден асып кетеді деуге негіз бар», - деп мойындады О.Смоляков.
Бірақ банкир шын мәнісінде жұмыс жасамай жатқан несиелердің көлемі қандай екендігін шамалап та айтпады. Ол, бар болғаны «банктердің актвитерінің нақты сапасы борышкерлердің қаржылық жағдайының нашарлығы себепті, «борпылдақ» кепілдерді алу тәжірибесінен, мысалы, келешекте түсетін ақша мен мүліктерді алу, үлестес компанияның сақтандыру полистерін алу, жеке тұлғалардың кепілдерін алу және т.б. себептерден қосымша бағалауды қажет етеді, деп айтты.
Дегенмен, сенімді түрде Ұлттық банк реттеуші ретінде екінші деңгейдегі банктерде жұмыс жасамай жатқан несиелердің нақты деңгейі қандай екенін шамалап болса да біледі деп айтуға негіз бар. Ол кез келген қазақстандық қаржылық институттың қаржылық жағдайын микроскоптың астында зерттей алатын құқығы болғандықтан ол реттеуші деп аталады емес пе?

«Нашар» займдар арифметикасы

Ұлттық банктің ресми статистикасы бізге жақсы көрініс сипаттап отыр. Әділдік үшін айта кетейік, ол (статистика) ЕДБ-нің реттеушіге ұсынған есептілігі негізінде жасалады.
Сонымен, Ұлттық банк ақпарынша, ағымдағы жылдың наурыз айының басында төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен жұмыс жасамайтын займдар саны банк саласының жиынтық кредиттік портфелінде 7,32% жетті, немесе 2014 жылы белгіленген Т3,8 трлн қарағанда Т1,1 трлн, құрап отыр.
Бұл ретте халықаралық рейтингтік агенттіктер, атап айтсақ S&P Global Ratings, реттеушінің бағасымен келіспейді және одан барынша төмен сандарды атап отыр. «Ресми статистикада келтірілген ппроблемалы кредиттер көрсеткіштері негізінде нақты жағдайды көрсетпейді: біз олардың үлесі (қайта құрылымдалған кредиттерді қосқанда) банк жүйесінің жиынтық кредиттерінің 25-30% дейін жетеді деп ойлаймыз», - делінген Қазақстанның банк саласы бойынша агенттіктің наурыздағы есебінде.
Егер абсолютті цифрлар туралы айтсақ, онда 1 наурыздағы банктердің кредиттік портфелінің қомақтылығы Т15,138 трлн екенін және S&P Global Ratings бағасын ескерсек, онда банк жүйесіндегі жұмыс жасамайтын займдар үлесі көктемнің бірінші айының басында Т3,784-4,542 трлн жеткен!
Осылайша, қазақстандық банктердегі жұмыс жасамайтын кредиттер сомасы банк жүйесін сауықтыру үшін мемлекет мәлімдеген Т2,1 трлн шамасындағы ресми көмек пен оған плюс Проблемалық кредиттер қорының Т300 млрд қаржысы есебінен шамамен 1,5-1,9 есе жоғары.
Егер бұл ретте банктер қалыптастырған провизия деңгейі осы жылдың 1 наурызында Т1,632 трлн, онда қалыптастырылмаған провизия сомасы шамамен Т2,1-2,9 трлн.жетуі мүмкін. Яғни банк саласын қажетті капиталдандыру көлемі шамамен осындай көлемді құрайды.
Бұл жәй кездейсоқтық па, жоқ па, біз білмейміз, бірақ қызық картина орнап отыр: банк жүйесін сауықтыруға арналған қажетті мемлекеттік көмек сомасы банк саласының жиынтық ссудалық портфелінің 25% көлемдегі қазақстандық ЕДБ жұмыс жасаймайтын кредиттер үлесінен S&P Global Ratings төмен бағасын ескере келе шығарылып отыр.
Егер олай емес болса, онда реттеушінің қазақстандық банктердің жұмыс жасамайтын займдар деңгейін ресми емес бағалауы S&P Global Ratingsосы көрсеткішінің бағасымен шамалас келеді деп топшылау әділ болады.

БЖЗҚ қаржысына қауіп төніп тұр ма?

Және соңғы, тоқтала кеткіміз келген жайт – бұл екінші деңгейлі банктерде орналасқан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысы. Қалаймыз ба, жоқ па, алайда банк саласындағы қиын жағдай салдарынан кем дегенде зейнетақы қаржысының бір бөлігіне қауіп төніп тұр. Ал бұл аз сома емес: ресми ақпар бойынша, екінші деңгейлі банктерде зейнетақы активтерінің 26%-ы немесе Т1,809 трлн. бар.
Әлбетте, жағдай жағымсыз өрбісе, олардың бір бөлігі жоғалады, себебі мемлекет БЖЗҚ қаржысын басқарушы бола тұра, олардың банктерде сақталуына кепіл болмайды. Себебі ЕДБ салымы ретінде орналасқан зейнетақы активтеріне Қазақстандық депозиттерге кепіл беру қоры таралмайды. Сондай-ақ, ешкім де банк облигациясына инвестицияланған зейнетақы қаржысының қайтарылатынына кепілдік бермейді.
Және бұл қазақстандық ЕДБде зейнетақы жинақтарын орналастырудың өкінші тәжірибесінің бар екенін біле тұра. Әлі күнге дейін БТА, «Альянс» және «Темір» банктер қарызының дефольті мен қайта құрылымдалуынан зейнетақы қаржысының қанша бөлігінің жоғалғаны туралы нақты мәлімет жоқ.
Бір ғана білеріміз, БЖЗҚ бағасына сәйкес, барлық ҰЗҚ бірыңғай қорға бірігуі нәтижесінде Т90 млрд зейнетақы жинағы шешіліп алынған. Алайда, ресми емес ақпарға сәйкес, 2007-2008 жылдардағы қаржы дағдарысы салдарынан жоғалған зейнетақы қаржысының сомасы шешіп алынған активтердің ресми санынан барынша жоғары.
Реттеушінің болашақ зейнеткерлердің қаржысын сақтау үшін барынша нақты шаралар қабылдайтын сәті келген жоқ па екен?

Серіктестер