Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:51

Мұнай бағасы қайтадан ұлттық валютаны есеңгіретуге дайын ба?

10.05.2017 Мұнай бағасы қайтадан ұлттық валютаны есеңгіретуге дайын ба?
Алматы. 10 мамыр. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Мұнай бағасы қайтадан құлдырау алдында, сол арқылы шикізаттық валюталардың, оның ішінде теңгенің де құлдырауын тудыру алдында. Осыншама пессимистік сцераний ықтималдығы АҚШ-тың мұнай саясаты құбылған сайын және инвесторлардың мұнай өндірісін шектеу туралы келіссөздер жүзеге аспай қалады-ау деп алаңдаған сайын артып келеді.

Мұнай бағасы қайтадан қысым астында

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) және оған кірмейтін мұнай экспорттаушы жекелеген мемлекеттер 2017 жылдың алғашқы 6 айында мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге қысқарту туралы келісімді мүлтіксіз орындап келе жатқанымен, тек соңғы екі аптаның өзінде мұнай бағасы 14% арзандап, ал жыл басынан бері 20% арзандады.
Мұнай нарығы үшін ең күрделі күн 4 мамыр болды. Сол күні мұнай баррелі $51 –ден $46,7-ге дейін құлап түсті. Бірақ кейінгі күндері мұнай бағасы біртіндеп көтерілгенімен, бәрібір $50 белгісінен аса алмады, керісінше, Brent маркалы мұнайдың баррелі $47-ге, ал WTI маркалы мұнайдың беррелі $42-ге ұмтыла берді.
«Қара алтын» бағасының құлдырауының екінші толқыны 4 мамырда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей ОПЕК-тің мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімнің тиімділігіне күмәнмен қарайды деген соң басталды.
Сарапшылардың пікірінше, осы жағдай мұнай бағасы салыстырмалы түрде жоғары болып тұрғанда мұнай қорларындағы мұнайды жаппай сату басталуына формальды түрде себеп болды, ал бұл инвесторлардың енді мұнай бағасы қайтадан барреліне $60-қа бара қояр дегенге сенімсіздігін арттырды.
Бірақ сарапшылардың көбі неліктен осы соңғы екі аптада ғана мұнай нарығының келешегіне деген сенімсіздік күрт артып отыруының себебіне назар аудармады. Өкінішті-ақ.

Мұнайды не құнсыздандыра алады

Сәуір айының соңында бір оқиға орын алды. Ол орташа мерзімдегі аралықта мұнай бағасы көтеріле қояр дегенге сенімсіздікті күрт арттырды. Мәселе 28 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойған қаулы туралы болып отыр. Ол бойынша мұнай компанияларына америкалық мұхиттық шельфтерде мұнай кеніштерін барлап және бұрғылау жұмыстарын бастауға рұқсат етілді.
Ол құжат бойынша, мұнайшыларға Мексика шығанағында, Баренц және Чукот теңіздерінде, сондай-ақ Атлант мұхитында қайтадан жұмыс жасауына рұқсат етіледі. Ол үшін Ақ үйді алдыңғы әкімшілігі 2010 жылғы ВР компаниясының платформасындағы апаттан кейін 2016 жылы бұрғылау жұмыстарына тыйым салған қаулысы күшін жойды деп танылды. Жаңа лицензияларды сату биылғы тамыз айында басталады деп күтілуде.
Трамптың қаулысы Вашингтонның жаңа әкімшілігінің энергетикалық революция жасамақ ниетін іске асыруға септігін тигізбек. Оның мақсаты – энергия көздерін барлау және өндіруді ынталандыру, АҚШ-тың энергетика саласындағы әлемдік көшбасшысы ретіндегі позициясын нығайта түсу және амрикандық үй шаруашылығының игілігі үшін энергия тасымалдағыштардың бағасын төмен деңгейде ұстап тұр.
Rystad Energy консальтингтік компаниясының сарапшыларының айтуынша, Д. Трамп әкімшілігінің саясатының мәнісі - мұнай өндірісіндегі ішкі көздерге өту және энергия тасымалдаушыларға қатысты сауда балансындағы тесікті жабу, ал оған АҚШ жыл сайын $170 млрд жаратып отыр.
Сарапшылардың бағалауынша, қазір АҚШ орташа алғанда тәулігіне 16,2 млн баррель мұнай тұтынады. Оның ішінде 7,3 млн баррель импортқа келеді. Болжам бойынша, ішкі мұнай өндірісінің артуымен мұнай импорты біртіндеп азая бермек.
АҚШ энергетика министрлігінің болжамынша, егер мұнай бағасы қазіргідей болып сақталатын болса, енді 2 жылдан кейін Америка Құрама Штаттары әлем нарығынан мұнай сатып алуларын 22%-ға азайтып, тәулігіне 5,7 млн беррельге түсірмекші. Бұл ретте сланецтік мұнай өндірісінің артуы есебінен ішкі мұнай өндірісі тәулігіне 9,95 млн баррельге жетеді. Ол Сауд Арабиясының мұнай өндірісінің деңгейіне сай келеді.
Мұнай компанияларының бағалауынша, тек Мексика шығанағындағы кеніштердің көбісі мұнай бағасы барреліне $50 болғанда тиімді, ал жекелеген кеніштер мұнай бағасы барреліне $40 болғанда да тиімді. Қазір осы өңірлерде өндірілетін мұнай бағасы АҚШ-тың жалпы өндірісінің шамамен 20%-ын, немесе тәулігіне 1,7 млн баррелін береді. АҚШ энергетика министрлігінің пайымдауынша, олар биылдың өзінде тарихи рекордқа шығып, ал 2018 жыл соңына күн сайынғы өндіріс көлемі 1,93 млн баррельге жетеді.
Басқаша айтқанда, Д. Трамптың қаулысы әлемдегі мұнай ұсынысын арттыра түседі. Және осы қаулы неғұрлым тез күшіне енетін болса, мұнай бағасы да соғұрлым құлдырай түседі. Және де оның алғашқы сигналы 4 мамырдағы мұнай бағасының күрт құлдырауы болды.

Жаңа девальвация орын алуы мүмкін бе?

Д. Трамптың қаулысының табысты іске асырылуы мұнай бағасын арзандатумен қатар шикізаттық валюталардың да, оның ішінде теңге бағасының бағамын күрт құлатары анық. Барлық мәселе оның қашан болатындығында. Бірақ оған ешкім де қазір дәл жауап бере алмайды. Дегенмен ұзақ мерзімдік үрдіс айдан анық көрініп отыр.
Қысқа мерзімдік келешекке келсек, мұнай бағасына ықпал етерлік оқиға, ол ОПЕК елдері мен ол ұйымға кірмейтін елдердің кездесуі болмақ. Дәл сол кездесуде мұнай өндірісінің алда да қысқарту керектігі туралы келісімнің тағдыры анықталады.
Егер мұнай өндіруші елдер тағы жарты жылға мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімді ұзарту туралы уағдаласа алмаса, онда мұнай бағасы қайтадан арзандап, шикізаттық валюталардың девальваиялық толқынын тудыруы әбден мүмкін.
Ол жағдай АҚШ ФРЖ-сінің ақшалай-несиелік саясатының қатаңдауымен күрделене түсуі мүмкін. Америкалық монетарлық билік маусым айында қайтадан есептік мөлшерлемені көтереді деп күтілуде.
Одан басқа, шикізаттық валюталар үшін, бірінші кезекте мұнай бағасының құлдырауы фонында ресейлік рубль үшін тағы бір теріс фактор carry trade алыпсатарлық стратегиясы аясындағы пайдаланылып жүрген активтерді тез арада алып кетуінен капитал тез елден кетіп, девальвациялық үрдістерді одан сайын үдете түсуі мүмкін.
Ал Қазақстанның ішкі валюталық жағдайы рубль бағамына тікелей байланысты болғандықтан, ресейлік валюта күрт құлайтын болса, оның артынша теңге де девальвацияға ұрынуы мүмкін. Мәселе – қаншаға құлайтындығында. Сарапшылар бұл жағдайды онша қайғылы деп көргісі келмейді, олардың көбі мұнай бағаларын $40/баррель деңгейіне дейін құлдырауы мүмкін деп отыр, және ОПЕК елдерінің келіссөздері сәтсіз болатын болса, ол тез арада іске асуы ықтимал.
Олай болса, рубль бағамы 35 рубль/1 долларға көтерілсе, Қазақстан теңгесі Т330-ға көтерілуі ықтимал. Бұл мәселе шындығында қандай болатынын көп күтпейсіз де, мұнай өндірісін қысқарту мүмкіндігі туралы келесі келіссөздер Венада 25 мамырда болады.



Серіктестер