Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
15:08

Мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімшартты ұзарту теңгенің позициясын күшейте ме?

17.05.2017 Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Мұнай өндірісі мен оның экспортына тәуелді елдердің үміт еткені орындалды. Мұнай өндірісін қысқарту туралы келісім аясындағы ең басты екі мұнай өндіруші мемлекет – Сауд Арабиясы мен Ресей мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімшарт мерзімін келесі жылдың бірінші тоқсанына дейін ұзартатындықтарын жариялады.
Бұл шикізаттық валюталардың долларға қарағанда нығая түсуіне жол ашады. Егер мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімшарт орындалмаған болса, керісінше болар еді. Дегенмен алақайлауға әлі ерте секілді.


Келісімшарт мерзімі ұзартылады ма?


Ресей мен Сауд Арабиясы ОПЕК елдері мен оған кірмейтін бірқатар мұнай өндіруші мемлекеттер арасындағы мұнай өндірісін қысқарту туралы қолданыстағы келісімшарт мерзімін ұзартуды қолдайтындықтары туралы 15 мамырда ресейлік және саудилық энергетика министрлері Александр Новак пен Халид аль-Фалихтың келіссөздерінен соң белгілі болды.
«Министрлер нарықты тұрақтандыру бойынша жұмсалған күш-жігердің негізгі мақсаты – әлемдік мұнай қорының көлемін соңғы бес жылдағы орташа қор деңгейіне жеткізу, сондай-ақ мұнай өндірушілердің тұрақтылықты, болжауға келетіндікті және нарықтың ілгері қарыштай дамуын қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін негізгі мұнай өндірушілердің әрекеттерін ерікті түрде тағы тоғыз айға, 2018 жылғы 31 наурызға дейін ұзарту керектігі туралы түсіністікке келді», - делінген келіссөздер қорытындысында шенеуніктердің бірлескен мәлімдемесінде.
Сонымен қатар министрлер «тоғыз айға кооперация декларациясын ұзарту туралы толығымен бірауыздылыққа қол жеткізу мақсатында келісімшартқа қатысушы барлық мемлекеттер және басқа да өндірушілермен 24 мамырға дейін консультация жүргізуді» жоспарлап қойды.
Бұл ретте мәлімдемеде «соңғы кезде ерікті түрде бірлесе қабылдаған шаралар фундаментальды көрсеткіштерінің нарыққа қатысушыларды қанағаттандырарлық серпінге өтуіне септік болып, нарық конъюктурасына оң әсерін тигізгені» атап өтіледі
«Мұнайдың жүзетін қоймалардағы (танкерлердегі) тауарлық қорының жыл басынан бері сәуір-мамырда маусымдық тербелісінен тез 1/3-ден де көп таусылып бара жатқаны, сондай-ақ әлемде мұнайға деген сұраныс артып отырғаны байқалады. Ол нарықты ерікті түрде тұрақтандыру әрекетіне қатыспайтын елдердің мұнай өндірісін толығымен жұтып, теңгереді», - деп көрсетілген мәлімдемеде.


Теңгеге берілген мүмкіндік



Әрине, Ресей мен Сауд Арабиясының қол жеткізген келісімі мұнай нарығындағы конъюктура үшін принциптік мәнге ие, себебі ол әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші үш елдің арасындағы екі мемлекет арасында жасалып отыр. РФ мұнай өндірісінде әлемдік көшбастаушы болып отыр – тәулігіне 10 млн баррельден асады, ал саудиліктер екінші орында – тәулігіне 9,5 баррельден сәл аса өндіреді.
Сондықтан Ресей мен Сауд Арабиясының бірлескен мәлімдемесінен кейін Brent маркалы мұнай бағасы бірден 3% қымбаттап, барреліне $52 белгісінен асып кетуі кездейсоқ емес.
Мұнай бағасынан кейін доллар шикізаттық валюталар үшін әлсірей бастады, оның ішінде рубль мен теңгеге қатысты. Ресейлік валюта $1 үшін 56 рубль белгісіне ұмтылса, ал қазақстандық валюта – Т313 деңгейіне ұмтылды.
Бірақ Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімшартқа ОПЕК-тегі басқа да қатысушылар мен ұйымға кірмейтін елдердің қосыла қалуы екіталай. Десек те, олар қосылатындығының ықтималдығы қазір өте жоғары.
Ал шын мәнісінде қалай болатындығы 25 мамырда Венада ОПЕК және басқа да мұнай экспорттаушы мемлекеттердің кездесуінде белгілі болады. Олар былтырғы желтоқсанда мұнай өндірісін жаппай қысқарту туралы пактіге қол қойған болатын.
Осындай жағдайда теңгенің нығаю бағытында бет алуын жалғастыра беріп, $1 үшін Т300 және одан да төмен белгіге жетуге тырысуға болады.


Бір көргенде барлығы да онша жақсы көрінбейді


Әрине, мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімшартты ұзарту шикізаттық валюталардың, оның ішінде теңгенің нығаюының жаңа белесіне әкеліп қоймай, сонымен қатар шикізаттық экономиканың өсуінің бұрынғыдан да қарқынды болуына әкеледі.
Бірақ оған да онша алданудың қажеті шамалы. Біріншіден, Ресей, Сауд Арабиясы мұнай пактін қолданыстағы редакцияда ұзарту туралы уағдаласты. Яғни, әңгіме қысқартудың жаңа көлемі туралы емес, қолданыстағы, яғни тәулігіне 1,8 баррельден төмен деңгейде ұстап тұру туралы болып отыр. Ол қазіргі келісімшартта қарастырылған.
Екіншіден, сланецтік мұнай өндірісінің тез қалпына келіп отырғандығын, бірінші кезекте АҚШ-тағы сланецтік мұнай өндірісінің болжанғаннан да жоғары қарқынмен дамып отырғанын ескеру керек. Оның үстіне АҚШ мұнай өндірісі жағынан әлемдегі үшінші мемлекет екенін ескеру керек. Сарапшылардың бағалауынша, АҚШ биылдың өзінде Сауд Арабиясының мұнай өндіру деңгейіне, яғни, тәулігіне 9,5 млн баррель деңгейіне жетуі мүмкін. Дәл осы қарқын алып отырған сланецтік мұнай өндірісі мұнай бағасына ықпал етіп, мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі келісімшарттың әсерін жоққа шығаруы ықтимал.
Үшіншіден, келісімшартты ұзарту жетістіктен гөрі амалсыздықтан болып отырғанға ұқсайды, себебі шикізаттық экономиканың энергия тасымалдағыштардың бағасына тым байланысты екендігін көрсетеді. Бірақ келісімшарттың ұзартылуы шикізаттық экономиканың сапасын жақсарту үшін түк те шешпейтіндігін, тек «шықпа жаным, шықпа» деген биліктің тағы бір күн өмір сүруіне мүмкіндік беретінін мойындау керек.
Басқаша айтқанда, мұнай келісімі ұзартылған жағдайда, шикізаттық валюталардың нығаюы болады және мұнайға тәуелді экономикалардың өсу қарқыны жоғары болады деп күткеннің өзінде ол үдеріс, бір жағынан қысқа мерзімдік болып, екінші жағынан тұрақсыз болады, себебі олардың үстінен мұнай бағасы арзандап кету қаупі төніп тұра береді.
Бұдан келіп, екі қорытынды жасауға болады. Біріншіден. Мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімді ұзартудан туындаған әсер мұнай бағасының және онымен бірге қысқа мерзімдік аралықта – мұнайға қатысты келісімшарт мерзімінің аяқталуымен және/немесе келісімге қол қоймаған елдердегі, бірінші кезекте АҚШ-тағы мұнай өндірісі күрт өсуімен шикізаттық валюталардың қайта арзандауының ықтималдығын жоғары етіп қалдырады.
Екіншіден. Мұнай өндірісі мен мұнай бағасын құрылымдық реформаларсыз жасанды түрде тежеу, шикізаттық экономикалардағы жаңадан туындайтын және ескі проблемалардың туындауын сәл кейінге шегеріп, дамудың сапалық жаңа деңгейіне шығуға ешқандай кепіл бермейді де тек шикізат өндірісі мен экспортына тәуелділікті күшейте түседі. Әрине, мұнай барлығының Қазақстанға да қатыстылығы сөзсіз.

Серіктестер