Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
12:09

Ресейге қарсы жаңа санкциялар теңгеге де әсер етуде. Жалғасы болар ма екен?

08.08.2017 Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Сарапшылар көптен айтып жүргендер орын алды. Бірінші кезекте АҚШ тарапынан енгізілген антиресейлік жаңа санкциялар ресейлік рубльге теріс ықпал етті де ол теңгенің айырбас бағамына да әсерін тигізді. Бірақ бұл басы ғана сияқты.
Бұдан бұрын да ҚазТАГ болжағандай, Қазақстанның ұлттық валютасы девальвациялық «секіріс» жасады. 28 маусым мен 4 тамыз, бір аптаның ішінде доллардың орташа атаулы бағамы Т12,35-ке секірді, яғни Т321,01-ден Т333,36-ға дейін, ал бір айдың ішінде, 5 маусым мен 5 тамыз аралығында Т20-ға секірді.
Ұлттық валютаның ресми бағамының құлдырауының шыңы өткен айда өткен бейсенбіге сай келді, онда доллар Т335,71-ге қымбаттады. Соңғы рет американдық валютаның бағамы сол межеде 2016 жылғы 5 желтоқсанда, яғни 8 ай бұрын тіркелген.
Айта кетерлігі соңғы кездері ұлттық валюта мұнай бағасының көтерілгеніне қарамай, рубльден соң әлсіреу танытқан: 27 шілдеде Brent маркалы фьючерстердің құны барреліне $50 болып, 4 тамызда $52,38 белгісіне жеткенді.

Санкциялар қысымы астында

Күтілгендей-ақ, бұл жолы теңге үшін теріс фактор ресей валютасынан соң АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген санкциялары болды. Ол өткен аптада Дональд Трамптың тиісті заңға қол қойған соң күшіне енді. Онда кем дегенде үш санкциялық норма бекітілген және ол ресейлік валюталық нарыққа теріс әсерін тигізе алады, ал сол арқылы теңгеге де, тек қысқа мерзімде емес, орташа және ұзақ мерзімдік келешекте де.
Оның себебі осы қабылданған құжат АҚШ экс-президенті Барак Обаманың Ресейге қарсы санкциялар туралы жарлықтарын мерзімі жоқ заңға айналдырады да, оны президенттің басқа да жарлықтарымен алып тастау мүмкін емес болды.
Біріншіден, санкциялардың біреуі америкалық компаниялар ресейлік «Газпром нефть», «Роснефть», «Новатэк» және «Транснефть» компанияларын несиелендіру мерзімін 90 күннен 60 күнге дейін қысқартты. Бұл ретте ресейлік мембанктерді несиелендіру мерзімі 30 күннен 14 күнге дейін қысқартылды.
Екіншіден, басқа санкция ресейлік тараптың қатысу үлесі 33%-дан кем емес жаңа энергетикалық жобаларды несиелендіруге тыйым салады.
Үшіншіден, тағы бір санкция ресейлік құбыр жобаларына инвестиция салуға, оларға құны $1 млн-нан асатын немесе жалпы құны бір жылда $5 млн-нан асатын тауар беруге, қызмет пен технологиялар беруге тыйым салады.
Әрине, осы санкциялық шаралардың барлығы түптеп келгенде Ресейге шетелдік валютаның келуіне және кетуіне теріс ықпал етеді. Ал ол өз кезегінде рубль бағамына да, теңге бағамына да теріс әсерін тигізеді.
Бірақ ресей валютасы үшін ең қауіптісі әлі алда секілді. Бұрынғы мақалаларда айтылғандай, АҚШ қаржыминіне американдық инвесторларға және АҚШ-пен байланысты инвесторларға ресей мемоблигацияларына қаражат салуға тыйым салу керек па деген мәселені 180 күннің ішінде пысықтау тапсырылғанды, ал американдықтар оған $10 млрд салып та қойды.
Егер ондай тыйым салынатын болса, онда ол шара, сарапшылардың пікірінше, сырттан инвестиция келуді ғана емес, сонымен қатар Ресейден портфельдік инвестициялардың күрт ағылып кетуін тудыруы және сол арқылы рубльдің бағамын күрт құлатуы мүмкін. Ондай жағдай 2014 жылы желтоқсанда орын алған. Ол сөзсіз теңгенің девальвациясын тудырады.
Дегенмен ол орта мерзімдік қатер, бірақ ол туралы ұмытпау керек.

Ертең не күтуге болады?

Алдағы болашаққа келер болсақ, онда теңге кезекті минимумға кететінін жоққа шығаруға болмайды. Алайда көбі рубль динамикасына тәуелді болады. Бұл ретте сарапшылардың ресейлік валютаның қысқа мерзімді болашағына берген бағасы үміттендірмейді.
Мәселен, Forex Club МК талдаушысы Ирина Рогова мәлімдегендей, рубль қайтадан қысымға ұшырауы мүмкін. Осы сценарийдің пайдасына ол бірқатар аргументтер келтіреді.
«Геосаяси қарбалас күшеюін жалғастыруда. АҚШ-тың ізінен Ресейге қарсы санкцияны Еуроодақ та күшейтті», - деп атап өтті И. Рогова.
Рубльге қарсы келесі фактор, оның айтуынша, америкалық еңбек нарығы бойынша жұмадағы есепте доллардың қолдауға ие болуы. «Әрине, бұл әзірге қыркүйектегі отырыста АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің көтерілуін күтуге себеп емес, бірақ бұл сонда да ағымдағы жылдың аяғына дейін Федеральды резервтің монетарлық саясаты бойынша болжалдарға өзгеріс енгізуге қабілетті», - деп санайды сарапшы.
Бұған кереғар, И.Рогова атап өткендей, Ресейдегі инфляция бойынша мәліметтер қыркүйекте РФ орталық банкі мөлшерлемесін төмендетеді деп күтуге мүмкіндік береді. «Ресстат ақпарынша, шілдеде инфляция қарқыны жылдық мәнде маусымдағы 4,4%-дан 3,9% дейін бәсеңдеді. Егер Ресей банкін мөлшерлемені төмендету ісінде кідіріске әкелген негізгі фактор маусымдағы баға қысымының өсуі болса, онда шілдедегі цифрлар диспозицияны өзгертеді»,- деді ол. Бұдан басқа шілдемен салыстырғанда тамызда валютаны сатып алуды барынша арттыру туралы ресейлік қаржы минінің шешімі рубльдің пайдасына ойнамай тұр.. «Алдыңғы айда интервенция 74,3 млн рубльді құрады. Тамызда валютаны сатып алуға 47,6 млрд рубль жұмсау жоспарлануда. Және бұл да рубльге қысым факторы», - деді ол. Бұл ретте, И.Рогова есептегендей, мұнай бағасы тарапынан «әзірге жарылыс күтудің қажеті жоқ». «ОПЕК елдеріндегі экспорт өсіп келеді. АҚШ-тағы өндіріс те артуда – көрсеткіш 2 жылда максимумға жетті. Бұл фонда Brent барреліне $53 белгісінен жоғары бекіту қиын болады, егер тек алдағы аптада маусымдық сұранысты назарға алатын болсақ, АҚШ-та қор бойынша есеп олардың күрт қысқаруын көрсетсе, олай болуы да мүмкін», - деді ол. Десек те, оның пікірінше, «әзірге жұлдыздар рубльдің пайдасына шешілмей тұр». «Факторлардың барлық жиынтығы USD/RUB жұбы 60,9-61.қарсылығын тестілеуіне алып келуі мүмкін. Осы деңгей шыққан кезде 61,6 белгісі басты мақсат болуы мүмкін», - деп болжады сарапшы. Егер Forex МК сарапшысының болжамы іске асса, онда теңге жуық арада көптеген айлық минимумға жететінін жоққа шығаруға болмайды. Бұған кедергі келтіруі мүмкін жалғыз фактор мұнай бағаларының өсуінің жалғасуы болуы мүмкін.

Серіктестер