Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
09:19

Қазақстанда валюталық «тұзақты» қатайту неге әкелуі мүмкін

15.08.2017 Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. ҚР Ұлттық банкі күмәнді мәмілелер бойынша Қазақстаннан капиталдың кетуімен күреспекші. Ол үшін реттеуші резиденттердің жекелеген валюталық операцияларына бақылауды қатайтпақшы.
Бірақ ол шараның капиталдың елден кетуін айтарлықтай азайта қояды дегенге күдік бар. Есесіне ол отандық бизнеске қиындықтар тудырып, Қазақстанның либералдық валюталық режимі бар ел деген атына нұқсан келтіреді.
Ұлттық банктің «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасын оқып отырып және бизнес қауымдастықтың бұл заңды қалай қабылдағанына қарап осындай қорытындыға келуге болады.


Нормалар – қатая түседі, тұзақты – тарылта түсу керек

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) аталған құжатқа қатысты сын айтты да. Мысалы, ҰКП резидентке немесе резидент емес төлем жасағанда немесе валюталық операция бойынша ақша аударғанда егер сома Ұлттық банк рұқсат еткен сомаға тең не одан асатын болса, төлем құжатынан басқа өкілетті банкке қосымша мәліметтер беруі керек деп қойылатын талап тиімсіз деп есептейді
«Заңға аталған норманы енгізу клиенттерге көрсетілетін қызметтің кідірісіне соқтырып, құжат айналымын арттырып, сәйкесінше, клиенттердің өкілетті банктерге қызмет көрсету бойынша наразылықтарын арттыра түседі», - дейді «Атамекендегілер»
ҰКП пікірінше, бұл норманы алып тастау керек, себебі төлем құжатындағы ақпарат «валюталық операцияларға мониторингі жасауға жеткілікті».
Оның орнына ҰКП «төлем бойынша шындыққа жанаспайтын мәліметтер бергені үшін клиенттің жауапкершілігін және шындыққа жанаспайтын мәліметтер анықтаған жағдайдағы банк әрекетін анықтау керек» деп есептейді.
Бірақ жекелеген валюталық операциялар бойынша валюталық бақылауды күшейту көптеген сауалдар тудыруда. Олардың тізімі заң жобасының өзінде де («Жекелеген валюталық операциялар бойынша төлемдер жасауға және (немесе) ақша аударуға қойылатын талаптар» 21-ші бап), сонымен қатар Ұлттық банктің ақпараттық материалдарында келтіріледі. Және де соңғысында ол өте саяси сыпайы аталады – «экономикалық мән-мағынасы жоқтықтың белгілері» бар операциялар деп аталған.
Екіншіден, оған реттеуші резиденттің резидент емеске валюталық келісімшарт бойынша қаржылық займ беруін де жатқызады. Онда резидент еместің міндеттері бойынша резиденттің банктағы шотына ақшаны аудару шарты көрсетілмеген. Ұлттық банкте ондай операциялар «резидент еместі несиелендіру түрімен капиталды алып кету» белгілері бар операциялар деп есептейді. Реттеушінің пікірінше, ондай мәмілелер «әлеуетті түрде жалған міндеттер» белгілері бар, себебі бұл операциялар бойынша резиденттің «шын мәнісінде аударылмаған займды» жабу мүмкіндігі бар.
Үшіншіден, ҚР ҰБ әлеуетті түрде күмән тудыратын операцияларға резиденттің пайызсыз қаржылық займды үлестес емес резидент емеске 720 күннен астам уақытқа беруін де жатқызады. Ұлттық банк пікірінше, ондай операцияларда «күмәнді экономикалық мазмұны» бар.
Төртіншіден, Ұлттық банк әлеуетті түрде күмәнді операцияларға экспортты немесе импортты валюталық келісімшарт бойынша төлеуді жатқызады және міндетті резидент еместің орындалу мерзімі резидент міндетін орындаған күннен бастап 720 күннен асатын операцияларды жатқызады.

Реттеушінің мақсаты не?


Ұлттық банктың валюталық бақылауды қатайтуының себебі тайға таңба басқандай анық көрініп тұр, атап айтқанда ол «қателіктер мен рұқсатнамалар» төлем балансы туралы мақалада көрініс тапқан. ҚРҰБ-ның алдын-ала бағалауы бойынша, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында аталмыш мақала бойынша елімізден 1 млрд доллардан астам қаржы «кетіп қалған».
Екінші жағынан Ұлттық банк қазақстандық экономиканың шикізат бағасына, бірінші кезекте мұнай бағасына тәуелді және бағамның еркін айналымы жағдайында дағдарыс кезінде бағам айналымына басқарылмайтын қысым жасайтын қосымша мүмкіндіктерді қарастыруда.
Заң жобасы бойынша келтірілген қысқаша үзінділерге қарағанда реттеуші мәселенің шешімін валюталық бақылауды қатайтудан көріп отырған сияқты. Осы ретте, Ұлттық банктың аталмыш шараға деген қажеттілік туралы түсініктемесі күмән тудырады.
«Біз анықтағандай, шамамен валютаны сатып алу бойынша жасалатын ірі келісімдердің шамамен 30% міндеттемелерді орындау үшін емес, резидент еместерге көмектесу және қаржыны шетелдік банктерге аудару мақсатында жасалады екен. Сондықтанда біз, шетелдік валютада міндеттемелерді орындауға қатысы жоқ келісімдер бойныша бақылауды күшейтпекшіміз», - деп мәлімдеді «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңжобасы бойынша баспасөз конференциясында 8 тамызда ҚР Ұлттық банкінің төлем балансы мен валюталық реттеу департаментінің директоры Айгүл Боранбаева.
Осы ретте, ол аталмыш заң жобасында бар барлық тұжырымдамалық өзгерістер либералды валюталық реттеу мен бақылау өлшемдеріне қарама-қайшы келмейді деп сендірді.


Реттеушінің шаралары қалай әсер етеді


Жай ғана айтып өтсек, 21-баптың мазмұны бойынша талдағанда шындық олай емес сияқты. Себебі онда бақылауды күшейтетін валюталық операциялар тізімінен басқа – заң нормасы бойынша сұрақтар бар.
Сонымен, аталмыш ережеге сәйкес мемлекеттен капиталды шығаруға бағытталуы мүмкін резиденттердің төлемдері мен қаржы аударымдарын банк резидент рұқсат алған «валюталық бақылау органдары мен құқыққорғау органдарына аталмыш төлем және (немесе) қаржы аударымы туралы ақпаратты ұсынған» жағдайда ғана жүзеге асыра аралады. Және, бұдан басқа – резиденттің міндеттемелері жағдайында «оның негізінде сәйкесінше төлем мен (немесе) қаржы аударымы жүргізілетін валюталық келісім бойынша уәкілетті банкке мәлімет беру...».
Жалпақ тілмен айтатын болсақ, заңжобасының 21 бабында валюталық операциялар бойынша банк құпиясын ашу қарастырылған, реттеушінің пайымынша «нақты экономикалық негіздемелердің болмау жағдайы» кездесуде жәнеде бұл тек Ұлттық банк пен қаржы министрлігі алдында ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарының алдында да. Бұл аздай, егер резиденттер уәкілетті органдарға банк құпиясын жариялауға рұқсат бермейтін болса, соңғыларға резиденттің аталмыш операциялары бойынша төлем жасауға және ақша аударуға тыйым салынады.
Осы ретте, Реттеушінің валюталық бақылауды қатаңдату бойынша шараларының қандай салдары болуы мүмкін деген сұрақ өздігінен туындайды.
Игі істерді декларациялау арқылы реттеушінің күтіп отырған нәтижесі теріс болып шығуы мүмкін деген болжам жасасақ болады. Әрине, қателессек деп едік, алайда «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңжобасы осы редакцияда қабылданған жағдайда елден капиталды шығару бойынша түрлі схемалардың барлығын ескерсек, ҚРҰБ-ның бұл шарасы тиімсіз болып қалады.
Тағы қайталап айтайық, бұл шара отандық бизнесмендердің басына қосымша бәле тауып береді және Қазақстанның либералды валюталық режимді ұстанатын мемлекет ретіндегі имиджіне кері әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, валюталық бақылауды қатаңдату елімізден капиталды оданда көп шығаруға себеп болуы мүмкін. Себебі бизнестің реттеушінің бұл әрекетін алғашқы қауіп дабылы ретінде – валюталық реттеу мен бақылауды либералды ету ісінде бір қадам артқа жүру ретінде қабылдауы мүмкін, бұл қадамдар қайталануы да бек мүмкін.

Серіктестер