Авторзация
Войти как пользователь
Вы можете войти на сайт, если вы зарегистрированы на одном из этих сервисов:
Әлеуметтік желі арқылы кіру
19:50

Қара мысықты жоқ жерден іздеудің керегі не?

03.09.2017 Алматы. 29 тамыз. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Соңғы кездері Қазақстан қаржы секторының өкілдері тарапынан аңызға ұқсас мәлімдемелер айтылып, ұлттық валютаның құлдырауына БАҚ-тар айыпты – олар мен әлеуметтік желілер таратқан хабарлар себебінен теңге «үлкен толқуларға тап болып отыр» деген сөздер қайтадан айтыла бастады.
Өткен аптада жаздың соңғы айының бірінші күндері ұлттық валютаның айтарлықтай әлсіреуін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев дәл осымен түсіндірді.
«Тамыз айының басында теңге бағамы жекелеген БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде теңге девальвациясы орын алуы мүмкін деген қауесеттер мен теріс жарияланымдар жарық көруі фонында қатты құбылып тұрды. Шындап келгенде бағам тербелісін ақтайтындай фундаментальды өзгерістер орын алған да жоқ. Демек аталған динамика қысқа мерзімдік сипатта болды. Қазіргі кезде валюталық нарықта жағдай тұрақталды», - деп мәлімдеді 23 тамызда баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банк басшысы.


Бағамды кім «жылжытты»?


Бірақ шын мәнісінде қалай болғанына қарап көрейікші. Болғаны сол, 1 тамызда валюталық KASE-де сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы Т2-ге көтерілді - Т328,07-ден Т330,07-ге. Бірақ келесі күні-ақ америкалық валюта бірден Т5,14-ке өсіп, Т330,07-ден Т335,21-ге жетті де 3 тамызда Т335,71-ге қымбаттады. Яғни, тек үш күннің ішінде доллар Т8-ге өсті.
Бірақ ең бастысы ұлттық валютаның елеулі әлсіреуі KASE-де күн сайынғы валюталық сауда көлемінің артуымен жалғасты. Және де ол 2 тамызда $494 млн-ға жетіп, 2015 жылғы 14 желтоқсанда орын алған $511,55 млн-ға сәл жетпесе де, соңғы 19 айдағы ең ірісі болды
Валюта саудасы көлемінің едәуір артуы ұлттық валютаның айтарлықтай әлсіреуімен жалғасып отырғаны, саудаға жекелеген қатысушылар (ал олар KASE-де банктер мен Ұлттық банк болады) белсенді түрде және көп көлемде долларларды сатып алғанын көрсетеді. Әрине, бұл әрекет қандай клиенттердің мүддесі үшін, және қандай мақсатта жасалып отырғанын Қазақстан қор биржасы ешуақытта айтпайды.
1 және 2 тамызда (әдеттегідей) теңгенің ресми бағамын кәсіби қатысушылар анықтап отырғанының өзі (және де долларды ең басты сатып алушы осы күндері Ұлттық банк болғанын теріске шығаруға болмайды) ҚР ҰБ басшысының тамыз айының басында теңге бағамы «жекелеген БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде теңге девальвациясы орын алуы мүмкін деген қауесеттер мен теріс жарияланымдар жарық көруі» себеп болды деген тезис орынсыз екенін көрсетеді.
Ондай жағдай тек саудаға қатысушылар, оның ішінде Ұлттық банк те валюталық нарықта операцияларды журналистер не деп жазып жатқанына, әлеуметтік желілерде қандай ақпарат таратылып жатқандарына қарап жүргізген болса орын алар еді. Әрине, олай деп ойлаудың өзі әбестік.
Ол аз десеңіз, 2 тамыздағы оқиға «бағамның терлесін ақтайтындай фундаменталдық өзгерістер болмағанын» теріске шығарады.
Ал дәл сол 2 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкцияларға қол қойғаны ше?
Әрине, ол кезде Қазақстанда 3 тамыз басталып кеткен еді деуге де болады. Бірақ, оның орын алатыны шілденің соңында белгілі болған, ал сол кезде ресейлік валютадан соң теңге де әлсірей бастаған.


БАҚ-тарды айыптау керек емес!


Жалпы айтқанда, әрине, Қазақстан экономикасының қыңырлығы үшін жауап бергенге қарағанда, яғни, оның шикізат ресурстарының өндірісі мен экспортына, бірінші кезекте әлемдік мұнай нарығына түбегейлі тәуелділігі туралы мәселеге жауап берудің орнына, бұқаралық ақпарат құралдарын айыптау оңай.
Бірақ баспасөз бетіндегі және әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан емес, дәл осы қыңырлығынан теңге бағамы өте осал және мұнай бағасы мен басқа да теріс фундаменталдық факторлар себебінен, мысалы антиресейлік санкциялар себебінен рубль бағамының төмендеуінен теңге бағамы да «шайқалып» «құлап» жататыны.



Бірақ, әлбетте, «қара алтын» құнының төмендеуі мен ресейлік валютаның әлсіреуі теңге бағамының құлдырауына алып келген уақыт аралығы 2015 жылғы 20 тамыздағы Ұлттық банктің белгіленген теңге бағамынан бас тартқанынан кейін барынша қысқарды.
Сондықтан тамыз айының басындағы теңге бағамының «құбылмалылығының жоғары болуына» БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар кінәлі деген мәлімдемелер, жер сілкінісінің себебін тектоникалық күштер әсерінен емес, бақсылардың дуасынан іздеумен пара пар.
Оның үстіне, мұндай мәлімдемелер реттеушінің қазақстандық экономиканың шикізатқа тәуелділік және ұлттық банк мағлұмдаған еркін теңге бағамы жағдайында теңге бағамының күрт құбылуының алдын алуға өзінің қауқарсыз екенін көлегейлеп мойындағандай болып көрінеді.
Ал енді, әр затты өз атымен атасақ, онда мұндай мәлімдемелер KASE валюта саудасына тікелей қатысушылар банктер мен ҚРҰБ емес, биржадағы валюта саудасына тіпті еш қатысы жоқ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге бар кінәні арта салу болып табылады!
Алайда бұл қоғам алдындағы Ұлттық банктің беделін көтере ме? Және, оның үстіне, мұндай әрекет реттеушіге деген сенімді арттыра ала ма? Келісіңіз, риторикалық сұрақтар.
Сондықтан, ҚРҰБ-ның қараңғы бөлмеден қара мысықты іздегені дұрыс па, оның үстіне ол ол бөлмеде болмаса?

Белгіленген – дұрыс емес дегенді білдірмейді

Десек те, Ұлттық банктің БАҚ пен әлеуметтік желілердің тамыздың басындағы теңге бағамының барынша төмендеуіне айыпты-мыс деген мәлімдемесі ғана сұрақ туындатып қоймайды. Д.Ақышевтің Ұлттық банк жүргізуге тырысып жатқан инфляциялық таргеттеу мен еркін жүзетін бағам саясатының қазіргі таңда баламасы жоқтай, басқарылатын бағам саясаты экономика үшін тек жағымсыз салдарға алып келеді деген мәлімдемесі де сұрақ ұялатады.
«Теңгенің тұрақты бағамы өңдеуші өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік берді деп көп айтып жатыр. Бұл өтірік. Олай болатын болса Қазақстан экономикасында өңдеуші өнеркәсіпке сол жылдар ішінде көшбасшылық орынға шығуына кім кедергі жасаған? Белгіленген бағам барынша жағымсыз салдарға алып келді», - деген сенімде ҚРҰБ басшысы.
Оның айтуынша, басқа елдердің де реттелетін теңге бағамының жағымсыз тәжірибесі болған. «Олардың барлығының өнеркәсібі бәсекеге қабілетсіз болып қалған, экономикасын қалыпқа келтіру ұзаққа созылған», - деді ол.
Рас, Д.Ақышев ол елдерді атамады. Алайда Қытайды мысал ретінде алсақ, оның юань бағамын басқару саясаты қытайлық экономика үшін «барынша жағымсыз салдары» болды және оның барлық өнеркәсібі бәсекеге қабілетсіз деп айтуға болмас.
Ал елдің бас банкі басшысының өңдеушінің индустрияға теңгенің айырбас бағамы реттелетін болған кезде Қазақстан экономикасында көшбасшылық орында болуына кім кедергі келтірді деген сұрағы тіпті де қисынсыз. Себебі, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері шетелдік инвестициялардың үлкен ағыны қазақстандық мұнайға және жалпы шикізатқа кетті, ол сол уақыт ішіндегі өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалған аз ғана капиталмен тең келмейді. Және бұл туралы ҚР ҰБ жақсы біледі.
Жалпы, не болғанда да, Ұлттық банк басшысын түсінуге де болады, себебі жазылмаған ереже бойынша кез келген шенеуніктің табиғи қызметінің бірі өз саясатын үнемі ақтап алу және ол туралы тек жағымды жайттар айту болған және солай болып қала береді.

Серіктестер