«Жобамен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереженің тармақтарын «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес келтіру мақсатында, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түснұсқалығы бөлігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген», - деп үкіметтің қаулы жобасының негізгі ережелерінің сипаттамасында айтылған.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеуінше, жобаны әзірлеуге «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 16 қарашадағы ҚР заңы негіз болған. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 39-1-бабында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылды (Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті).
Жобаның мақсаты - нормативтік құқықтық актілерді сәйкестендіру болып табылады.
Жоба авторлары жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға алып келмейді, деп атап өтуде.
Источник фото: Ашық дереккөз