Астана мемлекет шығынын жапты - Назарбаев

Date: 07:24, 25-04-2014.


Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Астана мемлекеттің оның дамуына жұмсаған шығындарын жапты, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Өнім көлемі және активтерінің құны бойынша Астана мемлекет жұмсаған шығындарын жапты (…) Тұрғызылдған ғимараттардың барлығы біздің елдің активі болып табылады, яғни біз Қазақстан байлығына толықтай бір қаланы қостық», - деді Н.Назарбаев жұмадағы елорданы ары қарай дамытуға арналған кеңесте.

Ол қаланың келесі жылдан бастап ел бюджетінің доноры болатынын еске салды. Мемлекет бюджетіне түскен түсімдер соңғы 5 жылда 2 есеге артып, Т60 млрд-ға жетті.

Share the news: