КО автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламент 2015 жылғы 15 ақпаннан бастап іске қосылады

Date: 06:08, 03-06-2014.


Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Кедендік одақтың автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламент 2015 жылғы 15 ақпаннан бастап іске қосылады, деп хабарлады ҚР көлік және комуникация министрлігінің (ККМ) баспасөз қызметінен.

«Техрегламент 2015 жылғы 15 ақпаннан бастап күшіне енеді. Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей, Белоруссияда стандарттардың алуан талаптары бар көптеген кешендері пайдаланылуда. Техрегламент іске қосылғаннан кейін барлық іс-қимыл қауіпсіздік мәселесіне шоғырланады. Бұдан тыс, құжатта осы талаптарға жобалаушылар мен құрылысшылардың осы талаптарға сәйкестігін бағалау тәсілдері де белгіленетін болады», - делінген сейсенбідегі министрлік сайтындағы хабарда.

Хабарда айтылғандай, Қазақстан Техрегламенттің 11 стандартын әзірлеп жатқандығын атап өткен жөн. Олар көпірлер мен жол өтпелерін жобалауға байланысты талаптарына, диагностика мен паспорттау, мұздануға қарсы материалдарды сынақтан өткізу және басқа мәселелерді қамтиды.

Share the news: