Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті

Date: 10:28, 23-04-2014.


Алматы. 23 сәуір. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1283,5 болды. Сейсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 3,25-ке түсті.

Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 927,384 (-4,099), британ фунтымен есептегенде - 763,761 (-0,842) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

Share the news: