«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы аясында ШҚО-да қызметтік баспана құрылысына Т100 млн-дан астам қыржы бөлінген

Date: 09:19, 08-04-2014.

Өскемен. 8 сәуір. ҚазТАГ – «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында қызметтік баспана құрылысына Т108 млн қаржы бөлінген, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығынан.

«2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасының үшінші бағытын - «Жұмыспен қамтушының қалауы бойынша оқыту және көшіру арқылы жұмыспен қамту» жүзеге асыру үшін республикалық қаржы есебінен қызметтік баспана құрылысына 108 млн теңге, көшуді субсидиялауға 5,6 млн теңге бөлінген», - делінген сейсенбідегі хабарда.

Бүгінгі таңда жұмысқа келген жастар үшін Риддер мен Зайсаңда 4 көпқабатты үйлердің, Семей мен Өскеменде 2 жатақхананың құрылысы жалғасып жатыр. Бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы бері Шығыс Қазақстанда 13 елді мекенде баспана құрылысы аяқталды. Соның ішінде өңір кәсіпкерлерінің 10% қаржыландыруымен осы мекемелерде жұмыс жасайтын адамдар үшін баспана салынып, сатып алынды.

Share the news: