Сарапшы пікірі: Brent мұнайының бағасы барреліне $75 дейін өсуі мүмкін

Күні: 17:20, 25-01-2018.

Алматы. 25 қаңтар. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Мұнай бағасының жаңа көрсеткішке жету мүмкіндігі бар, деп санайды ГК Forex Club талдаушысы Валерий Полховский.
Оның айтуынша, негізгі эталонды сұрыпты мұнай бағасы өткен аптадағы АҚШ-тың мұнай өнімдері мен мұнайдың коммерциялық қоры туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін үш жылдық ең жоғарғы деңгейде саудаланып жатыр.  
«Өткен аптаның қорытындысы бойынша АҚШ энергетикалық ақпарат агенттігі шикі мұнайдың коммерциялық қорының 1,1 млн баррелге төмендеп, 411,6 млн дейін жеткенін белгілеген. Бензин қоры 3,1 млн баррельге өсіп, 244 млн-ға жетті. Шикі мұнай өндірісі тәулігіне барреліне 128 мың баррельге дейін өсті», - деді В. Полховский.
Сарапшы атап өткендей, бұл көрсеткіштерді «өте жақсы» деп атауға болмайды.  
«Шикі мұнай қоры нарық күткендегідей шамада өсті. Бұл ретте өндіру де бензин қоры секілді шамада өсті», - деді ол
Бұл ретте мұнай бағасының кезекті өсімін талдаушы «қара алтын» нарығы төңірегінде «өте жақсы ақпарат фоны» қалыптасқанымен түсіндіреді.  
«Бұған дейін Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай өндірісін қысқарту бойынша келісімді қолдауға дайын екендерін растаған, ал Кувейттің энергетика министрі АҚШ-тың тақтатас компаниялары нарықты қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайтынын атап өтті, бірақ олардың тарапынан мұнай өндіру өсімінің қарқыны әлемдік сұраныс өсімі қарқынынан асып түсе алар ма екен», - деді сарапшы.  
Оның айтуынша, нарыққа қатысушылар «не болса да қор туралы мәліметті күткен, ал ол өз кезегінде жағымсыз болмағандықтан, ұзақ ұстанымдарын белсенді түрде жүзеге асыра бастаған».  
«Мерзімі жақын уақытта аяқталатын Brent келісімшарттары қазір барреліне  $70 көлемінде  бекиді және  $75 жағына қарай тренд қалыптастыруы мүмкін», - деді  В. Полховский.
  Libertex ақпарынша, аяқталу мерзімі наурыз деп белгіленген Brent фьючерстері Лондонда 25 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 14.30-да  барреліне $70,45 деңгейінде саудаласқан, ол өткен аптада жабылған деңгейден 2,6% жоғары, сол кезде америкалық   WTI эталон  4,5% қосып, барреліне $66,2 маңайында болған.


Жаңалықтармен бөлісу: